Атырау, 29 наурыз 04:23
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда астыртын балық цехы анықталды

3 932 просмотра

Image 015 сәуірде қала маңындағы Томарлы поселкесіндегі жеке үйдің ауласында су полициясының қызметкерлері балық қақтауға арналған астыртын цехты анықтады.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, сарайдан балық жууға және тұздауға арналған оннан астам 250 литрлік бөшке мен ванналар табылған. Тұрғын үйдің бөлмелерінің бірі кептіру үшін жарақталған. Тінту кезінде жалпы салмағы 4 тонна болатын ораулы қақталған балықтың бірнеше қорабы мен

жаңадан ауланған қара балықтың ондаған қапшығы тәркіленді. Астыртын бизнесті ұйымдастырды деген күдікті Әзірбайжанның 36 жастағы азаматы болып табылады. Оның айтуынша, ол балықты Жайық жағалауынан браконьерлерден сатып алады екен. ҚР ҚК-нің 196-бабы («Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 сәуір 2015, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.