Атырау, 19 сәуір 02:33
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«"Қытай синдромынан" қорқудың қажеті жоқ». «Ванга Қазақстан және Кенесары туралы не деп еді?». «Каримовтың инаугурациядағы сөзі сезік тудырды». «"Қара алтынның" қадірі қашты». «Бір әумесер – бір трагедия».

9 059 просмотра

ALASHAINASY.KZ «"Қытай синдромынан" қорқудың қажеті жоқ» - Қытай қандай ел? Ақиқаты сол, Қытай – алпауыт мемлекет. Онымен әлемнің кез келген елі санасады. Өйткені бұл ел соңғы 20 жылда барлық сала бойынша бас айналдыратын табысқа жетті.

«Діндарлардың сенімін аяқ-асты еткен бес шулы оқиға» - Өкінішке қарай, әлемде дін мен өнер, дін мен қоғам, дін мен символдар арасында қарама-қайшылық ауық-ауық туындап, оның арты үлкен дау-дамайға ұласып жатады.

«"Қара алтынның" қадірі қашты» - Соңғы бір айда 62 доллардың көлемінде тұрақталған мұнай бағасы қайтадан сырғып төмен түсті. Бүгінгі күні 52-53 $ көлемінде құбылып тұр. Тіпті одан да төмендеуі мүмкін. Оған себеп жоқ емес.

«Ванга Қазақстан және Кенесары туралы не деп еді?» - Осыдан бірнеше жыл бұрын қазақстандық басылымдар Ақтаудың бұрынғы тұрғыны Евгений Черемушниковке әйгілі болгар көріпкелі Ванганың Қазақстанға қатысты айтқан болжамы туралы жарыса жазған еді.

«Хандардан қалған ұрпақтар қайда?» - Әлімсақтан бері келе жатқан ақиқаттың бірі – ел басқарған патша болсын, хан болсын, қазіргі заманауи атауға көшкен президенттердің барлығы да кездейсоқ келген тұлғалар емес.

AZATTYQ. ORG «Каримовтың инаугурациядағы сөзі сезік тудырды» - Төртінші мәрте Өзбекстан президенті болып сайланған Ислам Каримовты ұлықтау рәсімі сәуірдің 10-ы күні өтті. Оның осы шарада айтқан сөздері мен түр-келбеті жұрт көңілін күпті етті.

JAQSY.KZ «Бір әумесер – бір трагедия» - Бір ғана адам халық үлгі тұтқан тұлғаға айналып жатыр. Бір ғана адам сол қоғамның дауасыз дерті бола алады.

MAIDAN.KZ «Хантауында қанша ханның сүйегі жатыр?» - Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы жақындаған сайын тылсым тарихымызды әлі де бір жүйеге түсіріп, қалыптаса алмағандығымыз анығырақ байқалады.




17 сәуір 2015, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.