Атырау, 29 наурыз 01:47
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Басқа визамен жұмыс жасаған

1 756 просмотра

Image 0Украинаның 10 азаматы мен төрт ресейлік көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР аумағынан шығарылды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 15 сәуірде рейдтік шара барысында көші-қон полициясының қызметкерлері мұнай-газ компанияларының бірінен қазақстандық заңнаманы бұзып, жұмыс жасап жүрген Украина мен Ресей Федерациясының азаматтарын анықтады.

– Бұлардың бәрі «УС-99» ЖШС мердігері болып табылатын ресейлік ТОПЭК компаниясының қызметкерлері. Қазақстанға іскерлік визасымен келген, бірақ құрылыс нысандарында дәнекерлеуші немесе монтаждаушылар болып жұмыс істеген. Ал бұл үшін заң бойынша жұмыс визасы қажет. Ол шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат болған жағдайда беріледі, - деді Г.Мұхтарова.

16 сәуірде Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты барлық он төрт шетелдікті Қазақстаннан тысқары шығару туралы шешім шығарды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

17 сәуір 2015, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.