Атырау, 20 сәуір 08:08
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ұлттық киімдер мерекесін атап өтеміз бе?

10 856 просмотра

Image 0Әлеуметтік желілерде Қазақтың ұлттық киім күні идеясын қолдайтын бір топ адамның бастамасы таратылуда. Егер осы ұсыныс сізге ұнаса, 24 сәуірде үстіңізге әдемі шапан, барқыт кәжекей немесе ұлттық киімге қатысы бар кез келген киімді киіп, осы азаматтарға қолдау көрсете аласыз.

Бұл жағымды идеяның авторы – таратылған баспасөз бетшесіне сәйкес, жазушы және тарихшы Арман НҰРМҰХАНБЕТОВ. Ол өзін ұлтжандымын деп санайтын әр адамды осы күні үстеріне ұлттық стильдегі киімдерді киіп, өз тарихымыз бен әлі күнге дейін әлемдік деңгейдегі киім тігу шеберлеріне шабыт беретін керемет нәрселер жасаған бабаларымызға құрмет көрсетуге шақырады. Жылдардан жылдар өткен сайын жетекші дизайнерлердің сән коллекцияларында әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, қоржындар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер пайда болуда. Әр қайсысының өзіндік мәні бар дәстүрлі дала ою-өрнектерін олар баяғыдан-ақ өз киімдеріне салып алғанын айтпауға да болады. Кейінгі ұрпақтың ұлттық әшекейлерге деген қызығушылығы артып келеді – бұрынғы әжелеріміздің көзіндей болған үлкен сырғаларды және ұлттық ою-өрнекті білезіктерді бүгінгі жастар қуана-қуана тағады. Соңғы жылдары еуропалық және американдық сәнқой әйелдер өздері тағып жүрген слейв-білезік деп аталатын сақиналарына жіңішке шынжырмен жалғанған күміс білезіктер қазақтың білезігінің немесе бас білезігінің толық көшірмесі екенін білмейді-ау.

Мереке сайын ұлттық киімдерін киіп жүретін испандықтар, немістер сияқты халықтар қашанда өздерінің ұлттық мұраларына үлкен жауапкершілікпен қарайды; міндетті түрде ұлттық киіммен шығатын үнді халқының үйлену тойлары әлемге әйгілі; малайзия-лықтар да өмірлеріндегі маңызды оқиғаларды ұлттық киіммен атап өтетіндерін де көрдік... айта кетсек, соңғы кездері қазақ тойлары да ұлттық нақышы бар киімдермен өтуде. Жақында мен қалыңдық пен оның анасы ерекше жарқын киінген тойда болдым.

Нұрмұхамбетов пен оны қолдаушылары барлық адамдарға 24 сәуір күні кеңсеге, оқу орнына немесе кештерге ұлттық киіммен келуді ұсынып отыр.

- Акцияның қорытындысы бойынша қатысушылардың фотосы мен бейне сюжеттерінен роликтер жасалып, интернетке салынады,- дейді бастамашылар. – Сонымен қатар, Ұлттық қазақ киімі күні аясында «Ел-шапан» акциясы басталады. Еліміз бен әлемнің түкпір-түкпірінен қала мен ауылдардың аты, Қазақстан халқының бірлігіне, бейбітшілікке, гүлденуіне шақырған үндеулер жазылған мата қиындылары жиналады. Алматыда осы қиындылардан үлкен шапан тігіліп, бірінші Ұлттық қазақ киімі күнінің белгісі ретінде Қазақстан қалаларында ұйымдастырылатын көрмелерді аралап, ұлт бірлігінің символына айналады.

Акция алдымен Қарағандыда басталып, кейін Астана және басқа да қалаларда жалғасады. Олай болса, ұлттық киім тігуге кірісейік!

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.