Атырау, 16 сәуір 13:00
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​Жас ғалымның жеңісі

2 314 просмотра

Image 0Атыраулық гимназия оқушысы Ерсұлтан НӘБИДОЛЛА (суретте) Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық ғылыми жобалар байқауынан жүлделі орын алды.

Бұл конкурсты Тэджон қаласының SolBrige халықаралық бизнес мектебі ұйымдастырған. Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 11 сынып оқушысы Ерсұлтан Нәбидолла өлкетану секциясында «Атырау өңірі климатының өзгеруіне антропогендік факторлардың әсері» ғылыми жобасымен жүлделі үшінші орын алды.

- Мен өз ғылыми жобамда облыс климатының өзгеріп жатқаны өңіріміздегі мұнай өндіру нәтижесінде екенін дәлелдейтін бірнеше жылдық талдаулар мен зерттеулер қорытындыларына сүйендім, көптеген мысалдар келтірдім, - дейді Ерсұлтан.

Қайырбек САНСЫЗБАЕВ

16 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.