Атырау, 25 сәуір 10:48
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Майлы Теңіз және Гаагадағы достарымыз

4 026 просмотра

Image 0

14 сәуірде Атырауда 9-ыншы «OILTECH Atyrau 2015» өңірлік мұнай және газ технологиялық конференциясы өз жұмысын бастады.

«ХАМЕЛЕОНДАР» ТУРАЛЫ БІРАУЫЗ СӨЗ

Қазақстанның сервистік компаниялары одағының төрағасы Алмаз ҚҰДАЙБЕРГЕН отандық кәсіпорындардың бүгінде ірі мұнай жобаларына қатысуға толық негіздемелері бар екенін еске салды.

- Біз Қашағанда құбыр желілерін тарту аяқталып, екінші фазаның басталуын күтіп отырмыз. Болашақ кеңейту жобасы (БКЖ) басталса, мұнда қазақстандық компаниялар құрылыс бойынша негізгі жұмыстарды жүргізе алады.

Осы сөзін айта келе ол «қазақстандық компаниялар» дегенге анықтама беріп кетуді жөн көрді:

- 2000 жылдары ҚР тіркелгендердің барлығы осылай аталды, кейін олардың қатарына еңбек төлемі қорының 95%-ы Қазақстанға тиесілі, сәйкесінше табыс салығы елімізде қалатын, кәсіпорындарды қосты. Алайда біз мұнымен тоқтамаймыз. Қашаған бойынша Өнімді бөлу туралы келісімде (ӨБК) 50% және одан да жоғары үлесі ҚР азаматтарына немесе мемлекетке тиесілі кәсіпорындар қазақстандық болып есептеледі деп жазылған. Біз мұны қолдаймыз. Кейбір компаниялар өздерін 95% еңбек төлемі қорлары бар қазақстандық кәсіпорынбыз деп атағанмен, іс жүзінде шетелдік қызметкерлер өз жалақыларын басқа елдерден алып, бұл фактілер мұндағы құжаттарда көрсетілмейтін жағдайларды да білеміз.

Қазақстандағы «Шелл» концернінің төрағасы Дункан ван БЕРГЕН «ҚазМұнайГаз» АҚ-пен бірлесе дайындаған «Қазақстанның мұнай және газ саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамыту жол картасы» туралы айтты.

Оның аясында Шелл Атырауда жақында ашылған геохимиялық зертханаға арналған жабдықтарды сатып алуды, қосу-баптау жұмыстары мен зертханашыларды оқытуды толықтай қаржыландырды. Д. ван Бергеннің айтуынша, голландықтар осы әрекеттерімен Гаагада орналасқан «Қазақстан достары» саяси клубының жақтаушылары екенін растады.

Image 1


ТЕК СІЗДЕН КЕЙІН ҒАНА

БКЖ/СҚБЖ жобасы директорының орынбасары Айдар ДОСБАЕВ «Теңізшевройл» сұлбалық жобалауды аяқтап, оны детализациялауға көшті және бұл жұмыс бүгінде 23%-ға орындалды деп хабарлады.

Досбаевтың айтуынша, мұнай бағасының құлдырауына байланысты бюджетті оңтайландыруға қарамастан, ТШО қазақстандық мазмұн бойынша міндеттемелерін қысқартпайды. Компания осы бағытта біріккен кәсіпорындар құру тиімдірек болады деп есептейді. Атап айтсақ, ТШО презентациясына сәйкес, жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше бірлескен кәсіпорын (әрі қарай - БК) құрылған екен. Мәселен, сұлбалық жобалау/жобалау, сатып алу және құрылысты басқару үшін – «КейПиДжейВИ» (іс жүзінде мұндай екі компания бар, «Жеті теңіздің үстімен саяхат» мақаласын қараңыз – Л.С.), бұрғылау бойынша – «Нейборс» және «Теңіз Бұрғылау» компаниялары арасындағы БК, «Өркен» вахталық ауылын салу бойынша – «Іскер» мен «Бонатти» арасындағы БК, модульдерді дайындау бойынша – ДШМИ/Ерсай.

Кейін сұрақ-жауап секциясында ол «АЖ» тілшісінің қойған «$38,8 млрд БКЖ/СҚБЖ бюджетінің қанша пайызы Теңізге модульдерді жеткізуге кетеді?» деген сұрағына ол жауап бере алмады немесе жауап бергісі келмеді.

Естеріңізге салсақ, ТШО-ның құрылыстың модульдік тәсілін таңдауына байланысты Еуропа елдерінен, көбіне Ұлыбритания өндірісінен шыққан жабдықтардың бөлшектері алдымен Еуропа мен Азияны шарлап өтіп, модульдер шығаратын жерге (Корея) тасымалданады, ал сол жерден теңіз жолымен Еділ-Дон каналы арқылы Прорваға жеткізіледі.

Досбаев жоба бойынша жұмыс қарқындарының баяулауына байланысты қысқаратын адамдардың санын да атаған жоқ. Алайда қысқартуға жергіліктілерге қарағанда экспаттар көбірек ұшырайды деп хабарлады.

Дегенмен, конференция сыртында оның жобаның кей мәселелерін неге білмейтіндігі анықталды. Досбаев осы орынға ҚазМұнайГаз атынан бір-екі күн бұрын ғана тағайындалған екен.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

(жалғасы бар)

15 сәуір 2015, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.