Атырау, 20 сәуір 19:31
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Батырдың тұра қашуы немесе “KazSat" құны неге жұмбақ?». «Р.Әлиевтiң сыбайластары жалтара бастады». «Қазақстанға кедендiк одақ тиiмдi ме?». «Өзбекстан ИМ-мен күресте Ресеймен ынтымақтасады».

1 870 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Батырдың тұра қашуы немесе “KazSat" құны неге жұмбақ?» - Әнеугүнi Талғат Мұсабаев өзiнiң кәсiби мерекесi қарсаңында тiлшiлерден тұра қашты.

«Президенттiң “ымдауы" мен жастардың үндеуi» - Өткен аптаның соңында қазақ басшысы елiмiздiң әр аймағынан жиылған таңдаулы жастардың алдында көсiле сөйледi.

«Р.Әлиевтiң сыбайластары жалтара бастады» - Ертең Австрия астанасы Вена қаласында “Нұрбанк" топ-менеджерлерiнiң өлiмi бойынша сот отырысы басталады.

«Қаппаровтың қазасы неден болды?» - Наурыздың 28-i күнi Алматыда “Қазатомөнеркәсiп" ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Қаппаровты жерледi. Марқұм қырық бес жасқа бар-жоғы екi-ақ күн жетпедi. Қапаровтың қазасы неден болды? Ресми мәлiмделгендей ол шынымен де жүрек талмасынан көз жұмды ма?

«Қазақстанға кедендiк одақ тиiмдi ме?» - Франция түрмесiнде отырған бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов бұл мақаласын экономикалық бiлiмi жоқ, бiрақ Қазақстан экономикасының жай-күйiн, қазiргi ахуалын түсiнгiсi келетiн азаматтарға арнап жазыпты.

ALASHAINASY.KZ «Ұлы Отан соғысының кейбір құпиялары» - Ұлы Отан соғысы деп аталған қызыл қырғынның ашылмаған құпиялары әлі де көп.

«Дағдарыс пара көлеміне де әсер етті» - Еуро мен доллар бағамының өсуі Ресейдегі мигранттардың елге қайтуына және тәжік ақшасының құнсыздауына да себеп болды. Сонымен бірге Тәжікстанда пара мөлшері де төмендеген.

AZATTYQ. ORG «Өзбекстан ИМ-мен күресте Ресеймен ынтымақтасады» - Өзбекстан «Ислам мемлекеті» қарулы тобынан төнетін қатердің алдын алу үшін тиісті шаралар қарастырып жатыр. Сарапшы «Топ әрекеті өзбек жеріне жайыла бастаса, Ташкент Мәскеумен бірлесе әрекет етеді» дейді.

14 сәуір 2015, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.