Атырау, 19 сәуір 04:20
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ата-аналар балабақшаға жету үшін биік дуалдан секіруге мәжбүр

2 876 просмотра

Image 0Таңертеңгі сағат сегізден бастап №15 балабақшадан оғаш көріністі байқауға болады: сәбилердің ата-аналары мектепке дейінгі мекеменің аумағына балаларын металл дуалдың кішкентай тесігі арқылы өткізіп жібереді де, содан соң өз бастарына қауіп төндіріп, үшкір қазықтары бар биік дуал арқылы қарғып түседі.


ЖАҢА ҚҰРЫЛЫСТАР ТҰТҚЫНЫНДА

Кейін анықталғандай, бұл жағдай жарты жыл уақыттан бері орын алып келеді екен. «АЖ»-ға шағымданған ата-аналар ахуалды былай деп суреттеді. Бұрын балабақша аумағына кіретін екі жер болған. Іс жүзінде бұл қажет еді: мектепке дейінгі мекеме өзі қызмет етіп келе жатқан көп жылдар ішінде жаңа салынған үйлердің тұтқынына айналған. Оның аумағына ресми есіктен кіру үшін ата-аналардың көбіне ықшамауданның жартысын шарлап шығуға тура келеді екен. Бұдан басқа, осы есікке жаяу жүргінші жолымен жарақталмаған көлік жолы арқылы өтеді. Ал таңертеңгілік және кешкілік қарбалас уақытта бұл жерде қозғалыс қарқынды болады. Ата-аналардың жартысы қолданып жүрген қосымша есік оны жауып тастағанға дейін бірден-бір оңтайлы шешім болатын.

Таңертең жұмысқа асығамыз, баламен бірге бір-екі шақырымнан астам жолды жүріп өту оңай емес, - дейді ата-аналардың бірі Юлия. – Ал сағат 8.30-да балабақша кешіккен балаларды қабылдамайды. Біз үлгеру үшін үйден ертерек шықсақ та мәселе шешіле қоймайды. Таңертең №15 балабақшаның алды сұмдық болып жатады, сеніңіз. Балабақша үйлермен қоршалған, аумақ кішкентай. Адамдар мен көліктердің кептелісі қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін.


«БАСТЫСЫ – БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ»

Қалалық білім бөлімінің басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВАНЫҢ айтуынша, өткен жазда «Атырау Теплотрасса» қызметкерлері осы жерде жылыту тұрбаларын ауыстыру жұмыстарын жүргізген. Егер бұрын олар төменде болған болса, енді адам бойының жартысына дейінгі биіктікке көтерді. Бұл қосымша есікке өтетін жерге кіруді мүмкін қылмай тастады. Бірақ басқа себеп те бар.

Жұмыс басталар алдында ПТС әкімшілігі біздің мекемеге жылыту қосынын жөндеу жұмыстарына байланысты қосымша есікті жабу өтінішімен шықққан еді, - дейді №15 балабақша директоры Алма САБЫРОВА. - Біз есікті жауып тастадық. Сондай-ақ, ПТС басшылығы тұрбаларды қалай жүргізген жөн екенін сұрастырды.

Осы есік арқылы кеш болса балабақша аумағына үнемі бөгде адамдар кіретін, ал таңертең біздің қызметкерлеріміз темекінің тұқылын, сынған шөлмектер, шприцтер мен басқа да қоқыстарды тазартуға мәжбүр болатын. Бізге бұл есік қажет емес деп ұйғардық. Сөйтіп қосымша есікке кіретін жерді жабу үшін ПТС-тан тұрбаларды шамамен адам бойының ортасынан келетіндей етіп жүргізуді өтіндік. Мұндай шешімнің себебін қыркүйекте өткен жиналыста ата-аналарға айттық.

...Енді қосымша есік жабылғанда, балабақша ауласы анағұрлым тазарып қалды деуге әбден болады. Біздің басты міндетіміз – балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, біз бұл міндетімізді орындадық.

Ал ата-аналар өз кезегінде бұл мәселеге қатысты директордың бірбеткейлік танытуына негіз жоқ және ол «приниципке барып отыр» дейді. Сондықтан олардың әрбір күні дуалдан қарғудан басталады. Ал балалар үшін олар қоршаудың бірнеше шыбығын кесіп тастаған.

- Балалардың қандай қауіпсіздігі туралы айтып отыр? Кейде дуалдың шыбығы арқылы сыймаған бүлдіршіндерімізді лақтырып түсіруге тура келеді. Кейбір әкелер балаларын балабақша тапсырып, басқа сәбилерге көмектесу үшін арнайы 15-20 минут уақыттарын бөледі, - дейді ата-аналар. – Ал түнде әлдебір себептермен балабақша аумағына кіргісі келетіндерге жабық дуал қашаннан бері кедергі бола алатын болған? Аумақ үшін қарауыл жауап беруге тиіс емес пе? Сондай-ақ, таңертең есікті ашып қойып, жұмыс аяқталғаннан кейін оны жабуға не кедергі болатыны да түсініксіз. Атыраудың басқа балабақшаларында солай жасайды ғой.

Ата-аналар жергілікті «Нұр Отан» партиясының филиалына көмек көрсету өтінішімен ұжымдық шағым жолдады. Ал мектепке дейінгі мекеме әкімшілігі қарсы шабуылмен жауап беріп, дуалдың араланған шыбықтарын қайта дәнекерлеп тастады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

14 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.