Атырау, 16 сәуір 13:29
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​ҰБТ: «Ереже бұзушыларды бұрын да шығарып жіберген»

1 866 просмотра

Image 0

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу бұрынғы қалыпты режимде өтеді – бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасы жалпы білім беру бөлімінің басшысы Батима БАХТИЯРОВА хабарлады.

Дегенмен, барлық жаңалықтар желісінде биыл ҰБТ өткізу талаптары қатал болады деп хабар таратылған еді: кез келген бұзушылық үшін (алғашқы кезекте өзімен бірге ұялы телефон мен шпаргалка алып кіру әрекеттері) талапкерді аудиториядан емтихан тапсыру құқығынсыз шығарылып жібереді. Аудиторияларда талапкерлер саны азайтылады. Арнайы жабдықтардың үздіксіз жұмыс жасауын қадағалау үшін бірінші рет барлық ҰБТ пункттерінде арнайы техникалық қызметкер отырады. Осы ақпаратты қазір Атырау мектептері түлектерінің ата-аналар жиналысында сынып жетекшілері үзбей айтуда.

Алайда, Батима Бахтиярованың айтуынша, 18 наурызда өткен бақылау комитетінің өкілі қатысқан семинар-кеңесте емтиханды бұрынғыдан да қатаң өткізу туралы әңгіме болған жоқ.

- ҰБТ бұрынғы форматта өтеді деп айтылды. Ереже бұзушыларды тестілеуден шығарып жіберу талабы бұрыннан да бар. Жаңалықтарға келсек, аудандық тестілеу орталықтарына қосымша жабдықтар сатып алу керек. Алайда бұған әлі ақша аударылған жоқ, - дейді Б. Бахтиярова.

Биылғы оқу жылында облыс мектептерін 4 835 түлек бітіреді. Бұлардың қаншасы тест тапсыруға шешім қабылдайтыны әлі белгісіз. ҰБТ-ға қатысуға өтінім тапсыру 25 сәуірде аяқталады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 сәуір 2015, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.