Атырау, 20 сәуір 14:04
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​ҰБТ әр жерде өтетін болды

2 665 просмотра

Image 0Биыл Исатай ауданының мектеп бітіруші түлектері ҰБТ-ны тапсыру үшін 100 шақырым қашықтағы қалаға қатынайтын. Бұл оқушылар мен ата-аналардың ғана емес, сонымен қатар мұғалімдердің де ренішін туғызып жүрді.

Оқушылар ҰБТ-ны бастапқы 2 жылда Құрманғазы ауданына барып, кейінгі 9 жылда Атырау қаласына барып тапсыруға мәжбүр болды. Себебі, аудан бойынша ҰБТ тапсыруға арнайы жабдықталған мектеп болмаған.

Бірақ, енді Білім министрлігінің осы жылдың 4 наурыздағы ҰБТ тапсыру орталығы барлық пункттерде ашылсын деген №100-ші бұйрығы исатайлықтарды қуантып тастады. Сөйтіп, Аққыстаудағы Абай орта мектебін ҰБТ тапсыру орталығы етіп жабдықтайтын болып шешілді. Биыл аудан бойынша 200-ден астам түлек ҰБТ тапсыруға дайындалуда.

- Мектепті жабдықтау, маман даярлап, күтіп ұстап тұру үшін бұрын қаржы республикалық негізде шешіліп келген болатын. ҰБТ орталығын ашу үшін енді ақша жергілікті бюджеттен бөлінетін болды, - деп хабарлайды Исатай ауданы әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒАЛИЕВ. - Бүгінде облыстан қажетті 9 млн 600 мың теңге бөлінді. Оның 7 млн теңгесі құрал-жабдықтар алуға кетеді. Биыл ҰБТ-ні өзімізден өткізуге күш салудамыз. Алайда мердігерді іздеу уақыт алады. Егер үлгермесе, келесі жылы ҰБТ тапсыру орталығы міндетті түрде ашылатын болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 сәуір 2015, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.