Атырау, 19 сәуір 08:29
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Әскерге 700 бозбала аттанады

3 022 просмотра

Image 0"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет.

15 мыңнан астам қазақстандықты осы көктемде шұғыл әскери қызметке шақырады. Атырау облысынан әскер қатарына 700-дей бозбала аттанбақ.

Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлімінің басшысы Андрей БЕЛЯЕВТІҢ айтуынша, қазіргі уақытта облыс аумағында аудандық сегіз шақыру пункті мен Атырау қаласында облыстық құрама пункт жұмыс істейді.

Облыстық құрама пунктте әскерге аттануға келген әскерге шақырылушылар үшін үш мәрте тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Әскери бөлімшеге барғанша олардың бәрі жеке тамақтану рационымен (құрғақ азық) қамтамасыз етіледі. Біздің жігіттер шақырылған әскер түрі – жаяу әскер, әуе қорғанысы күштері, зымыран әскері мен артиллерия, шекара әскері, ішкі әскер, ТЖМ әскері, десантты-шабуыл бригадасы (әуе-десант әскері) мен республикалық гвардия.

– Жасөспірімдерді бөлу кезінде, әрине, олардың тілектері, моралдық-іскерлік қасиеттері мен денсаулық жағдайлары ескеріледі, - дейді А.Беляев. – Көпшілігі Гвардияға барғысы келеді, бірақ ол жерге бару үшін бойы 1 метр 78 сантиметрден аласа болмауы керек. Мәселен, әуе-десант әскеріне спорттық дайындығы бар мығым жігіттерді алады, бұл жерде бойы аса рөл атқармайды. Әскер қатарына барудан жалтарғандарды жазалауға қатысты ҚР әкімшілік және қылмыстық кодексіне кейбір өзгерістер енгізілді. Мәселен, әскери міндеттілер мен әскер қатарына шақырылатындарға әскери есепке уақытында тұрмағаны үшін айыппұлдар көлемі көбейді. Тұрақты мекенжайға немесе уақытша (үш айдан көп уақытқа) келгендер, сонымен қатар қызметтік іссапарға, оқуға, еңбек демалысына немесе емделу үшін (үш айдан көп уақытқа) келген әскер қатарына шақырылушылар жеті жұмыс күні ішінде жергілікті әскери басқарма органына әскери есепке тұруға міндетті екенін еске салғым келеді.

Сонымен қатар, шақырту комиссиясының жолдамасымен медициналық тексеруден жалтарғаны үшін әскерге шақырылушыға салынатын айыппұл көлемі де көбейді. Енді бұл үш АЕК-пен (5 946 теңге) жазаланатын болады. Ал әскери қызметтен жалтаратындарға бір мың АЕК (1 982 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Егер әскерге шақырылушының өз денсаулығына қасақана зиян келтіргендігі анықталса немесе ол сылтауратса, жалған құжаттар жасаса – оны үш АЕК-ке (5 946 000 теңге) дейін айыппұл немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

– Егер іс тергеу органынан сотқа берілгенге дейін әскерге шақырылушы ерікті түрде шақырту пунктіне келсе, оның автоматты түрде қылмыстық жауапкершіліктен босатылатындығын атап өткім келеді, - дейді А. Беляев.

Биылғы көктемнен бастап шұғыл әскери қызметке шақырту мәселелері бойынша атыраулықтарға арнайы «қауырт желі» кеңес беретін болады. Әр адам қалай құжатты беруге, медициналық куәландыруды алуға болатындығы және т.б. туралы біле алады. Қауырт желі телефондары: 8 (7172) 72-13-89, 72-14-20, 72-13-82 (жалпы мәселелер бойынша қоңыраулар тәулік бойына қабылданады) және 8 (7172) 39-33-37 (медициналық куәландыру жүргізу бойынша).

Анастасия ПАСТУХОВА

13 сәуір 2015, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.