Атырау, 24 сәуір 05:26
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қасқырдан қорыққандарға сыйақы жоқ

2 234 просмотра

Облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ербол ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, жыл басынан бері 163 бөрі, 132 бөлтірік және 6 қорқау (өткен жыл бойына – 345 жыртқыш) атып алынған.

Аңшыларға сыйақы тағайындау үшін 2011 жылы жергілікті бюджеттен 7 млн. теңге бөлінген. Оның 3 миллионы жұмсалыпты. Бір бөрі үшін сыйақы 14 мың теңге, бөлтірік пен қорқау қасқыр үшін 5 мың теңгені құрайды. Жыртқыштарды ату жыл бойына жүргізіледі. Қасқыр аулау жолдамасының құны облыстық аңшылар қоғамының тамыздағы басқарма отырысында 2 мыңнан 3,5 мың теңгеге дейін көтерілген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 қыркүйек 2011, 19:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.