Атырау, 29 наурыз 04:41
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бұл жолда өткізетін мереке емес

3 121 просмотра

Жаңа жыл – отбасылық мереке. Клиенттердің саны аз болғандықтан, тіпті «Эйр Астана» да жаңа жыл түні рейстерді алып тастапты.

 «Эйр Астана» АҚ-ның PR-үйлестірушісі Тілек ӘБДІРАХИМОВТЫҢ айтуынша, «Эйр Астана» компаниясының қызметкерлері жаңа жыл алдында, сондай-ақ, жаңа жылдың алғашқы күндері, әсіресе, халықаралық рейстерде жолаушылар санының көбейгенін атап өтті. Жаңа жыл кезінде анағұрлым кең тараған бағыттар - Бангкок, Куала Лумпур, Дубаи, Дели. Ал жаңа жыл түнінде тыныштық орын алады. Сондықтан 31-ші желтоқсаннан 1-ші қаңтарға қараған түні рейстерде жолаушылар толмайды. Қазақстан бойынша рейстердің бір бөлігі анағұрлым ерте уақытқа ауыстырылған, қалғандары алып тасталған. Ең кешкі ішкі рейс 2010 жылдың 31 желтоқсанында Астанадан Алматыға сағат 22.40-та келеді. Ең ерте рейс Алматыдан Астанаға 1-ші қаңтарда сағат 09.40-та ұшады. Халықаралық ұшу бағыты бойынша, жаңа жыл түні Бангкоктан Алматыға рейс ұшып келеді. Алматыға келу уақыты 2011 жылдың 1-ші қаңтарында сағат 00.35-те. Алматыдан ең ерте ұшу уақыты Абу Дабиге 1-ші қаңтар күні сағат 07.05-те болмақ.

Ал теміржол көлігінде ешқандай өзгерістер болмайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

30 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.