Атырау, 20 сәуір 06:40
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ақшамыз суша ағады ма?

8 579 просмотра

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап атыраулықтар сумен қамту қызметін дифференциалдық тарифтер бойынша төлей бастайтын болады. Нағыз үнем-шілдер үшін керемет тариф қарастырылған. Ал өздерін шектеуге дағдыланбағандар үшін көп төлеуге тура келеді. Төлем құны көпке шығады.

Бұдан бейхабар жандар үшін түсіндіріп өтейін: қазір абаттандырылған пәтерде (канализациясымен қосқанда) судың тарифі – 47,20 теңгеге БІР АДАМҒА ТӘУЛІГІНЕ 330 ЛИТР норма сай келеді. Сондықтан жаңа тарифтер сіз бен біздің қалтамызды қағудан басқа, құрғақшылық қаупін де төндіруі мүмкін.

Төменгі тариф бойынша төлеу үшін тұрмыста суды үнемдеуге бола ма? Мен мұны тәжірибе жүзінде тексеріп көрдім.

КІРІСПЕ

Осыдан он жылдай бұрын менің әріптесім осындай тәжірибе жасаған болатын. Бірақ оның мақсаты керісін-ше – тәулігіне бір адамға 220 литрдің орнына 330 литр норма болатындығын дәлелдеу еді. Су арнасындағылар өз шығындарын қалай болғанда да ақтағылары келіп, адам басына тәулігіне 330 литр су жұмсауы мүмкін емес деген еді. Сол кезде тәжірибе сәтті шығып, дәлел келтірілген болатын. Бәлкім, содан соң тұтыну нормасын ауыстырмаған шығар. Бірақ! Тәжірибе жасаушыда ол кезде үйде суды ең көп тұтынатын кір жуатын автомат машинасы болмаған еді. Енді игілікті мақсат үшін су ресурстарын үнемдеу деген желеумен норманы бес есеге дейін қысқартуды шешкен. Тәулігіне бір адамға 60 литр суға дейін. Сіздер мақсаттарыңыздан жаңылысып қалған жоқсыздар ма? Бәлкім, сіздердің тыныштарыңызды кетірген - біздің әмиянымыздың ішіндегі ақшалар шығар?!

ОСЫ АҒЫЛШЫНДАРДЫ АЙТСАҢЫЗШЫ!

«Ақ Жайық» газетінде хабарланғандай, абоненттерді үш топқа бөледі:

І. Адам басына шаққанда тәулігіне 60 литрден аспайтын (айына 1,8 текше метр су) су тұтынушылар;

ІІ. 170 литрге дейін тұтынушылар (айына 5,2 текше метр);

ІІІ. 170 литрден астам су тұтынушылар, сондай-ақ, су есептегіші жоқтар.

Алғашқы топ үшін сумен қамту қызметіне төменгі тариф белгіленген. Екіншілері орташа тариф бойынша тө-лейтін болады. Ал үшіншілері үшін жазалаушы шара ретінде жоғарғы тариф белгіленетін болады. Үнемшіл ағылшындар тұрмыстағы су шығынының басты бабы әжетхана екендігін баяғыда-ақ есептеп қойған. Су ағызатын бак адам басына шаққанда бүкіл судың 35 пайызын шығындайды. Одан кейін жеке гигиенаға (ванна мен душ қабылдау, жуыну және т.б.) – 32 пайыз, кір жууға – 12 пайыз, ыдыс-аяқ жууға – 10 пайыз, ішуге және тамақ дайындауға – 3 пайыз, басқа шығындарға (үй жинау, үй жануарлары, гүл суару және т.б.) – 8 пайыз. Ағылшындарда су тұтынудың тәуліктік нормасы адам басына 136 литр құрайды, бұл біздегіге қарағанда екі есе дерлік көп.

Егер ағылшындардың есебі-мен біздің тәуліктік 60 литр норманы сәйкестендіретін болсақ, онда тәулігіне адам басына шаққанда әжетханаға 21 литр, жеке гигиенаға 19,2 литр, кір жууға – 7,2 литр, ыдыс-аяқты жууға – 6 литр, ішуге және тамақ дайындауға – 1,8 литр, басқа тұрмыстық мұқтаждықтарға 4,8 литр кетеді екен. Іс жүзінде қалай болатынын көрелік.

МӘЖБҮРЛІ НОРМА

Демалыс күндерімнің бірін-де су құбырындағы судан шамамен тұрмыстық мұқтаждықтарға қанша жұмсайтындығымызды есептедім. Сонымен, ең көлемді тармақтан – су ағызатын бактан бастайық. Ағылшындар орташа алғанда төрт адамнан құралған отбасы унитазға тәулік ішінде 25-40 рет су ағызатынын есептеген. Унитазға көбінесе сорпаның қалдығын немесе шәйнектегі шайдың шамасын құйып жіберетіндігімізді ескерсек, тәулік ішіндегі су жіберу саны 60-қа дейін жетуі мүмкін. Сонда орташа алғанда адам су ағызатын бактағы суды 15 мәрте пайдалануы мүмкін болғаны. Бактың өзінің көлемі – 8-10 литр. Тек бір унитаз тәулігіне 120-150 литр су жинайды. Айтпақшы, еуропалық елдер биоресурстарды үнемдеуге өте мұқият қарайды. Су ағызатын бактардағы суды кірпіштің көмегімен үнемдейді. Егер оны бакка салып қойса, онда оған су аз жиналады, ал әрбір су ағызғандағы үнем екі литрді құрайды.

Су процедураларына келейік. Бұлар - таңертең және кешкісін тіс тазалау, жуыну, қол жуу, ванна немесе душ қабылдау. Орташа алғанда бір минут ішінде су шүмегінен 10-15 литр су ағатындығы есептелген. Таңертеңгілік және кешкілік дәретханаға орташа алғанда бес минут жұмсаймыз, ал бұл 50-75 литр. Қол жуу - әрі кеткенде 3 литр. Душ қабылдау (тез, суды үнемдейміз) 10 минут уақыт алады, бұл 100 литр. Ванна қабылдауға одан да көп су кетеді – 150-ден 180 литрге дейін (бұған ванна қабылдап болған соң таза сумен шайыну да кіреді). Сонымен, барлығы гигиеналық процедураларға тәулігіне шамамен 200 литрдей су кетеді.

Енді кір жууға келейік. Әйелдердің кірді қолмен жуу дәурені өткелі қашан. Бүгінгі таңда әрбір отбасында осынау қиын жұмысты автоматты кір жуу машиналары атқарады. Машина өзі жуады, өзі шаяды, өзі сығып береді. Кір жуудың әрбір кезеңіне жұмсалатын су шығыны әр түрлі. Ол кір жуатын машинаның өзінің көле-міне, оның техникалық ерекшеліктерін, жуу режиміне байланысты болады. Бір рет жуғандағы судың шығындануы орташа алғанда 34-тен 145 литр арасында болады. Мәселен, «деликатты» жуу режимінде немесе қатты ластанған киімдерді жуу режиміне су көп шығындалады. Орташа көлемді алып, кір жуудың бір циклі үшін шамамен 90 литр суды аламыз.

Бұл жерде мынадай қорытынды жасауға болады. Кір жуатын машинамен аптасына бір рет қана жуатын отбастары және кішкене балалары бар кір машинасын күніне бірнеше рет қолданатын жанұялар да бар. Сонымен кішкене балалары бар, кем дегенде күніне екі рет кір жуатын отбасының орташа шартты санын шығарамыз. Судың шығыны орташа алғанда 180 литрді құрайды.

Ыдысты жууға көшелік. Ыдыс жуатын машинаның болғаны әрине жақсы, алайда, өкінішке қарай оны алу кез-келген әйелге қол емес. Айтпақшы, осы ғажайып-машинаның пайдалану нұсқаулығын оқыған кезде мен ыдыс жуатын машинаның әдеттегі шүмек астына жуғаннан суды 60 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретіндігін білдім. Алайда, қолда барымызды пайдалана береміз. Жоғарыда біз араластырғыштардан минутына 10-15 литр су ағатындығын есептеп қойдық. Бізге қанша ыдысты жуу және оған қанша уақыт кететіндігіне байланысты болады. Менде таңертеңгі және түскі, кешкі астан кейінгі ыдыстарды жуу үшін он бес минут кетті. Демек, менің аса маңызды емес тұрмыстық қажеттілігіме 100 литр шамасында су жұмсалды.

Шүмектен аққан ағын суға ыдыс жуу барысында ыдысты шүмек астын тығындап қойып жуғаннан шығын  кем дегенде үш есе артық болады. Бәлкім ол солай шығар, бірақ, мен үшін ыдысты олай жуу санитарлық нормаларға қайшы болып есептеледі.

Енді суды ішуге және тамақ дайындауға қанша жұмсайтындығымызды есептеп көрелік. Біріншіден, айта кету керек, дәрігерлер мен диетологтар тәулігіне екі литрден кем болмайтындай су ішуге кеңес береді. Оның үстіне біздер шай ішкенді ұнатамыз. Бір күнде менің суды ішуім мен шайыма үш литр су кетті. Оған қосымша пісіретін етім мен көкөністерімді жууыма да су кетті. Азық-түліктерді жууға барлығы 30 литрдей су кетті. Асты дайындау мен ішуіме қоса есептей алғанда тәулігіне 35 литр су шығындалды деуге болады.

Басқа шығындарға тоқтала кетелік. Бұған бөлме өсім-діктерін суаруды, үй жинауды, үй жануарларын жуындыруға кететін суды, балшық күндері аяқ киім жууға жұмсалатын суды алайық. Шығынның бәрі жеке қолданысқа жұмсалады. Мен мынаны ғана нақты айта аламын. Менің бөлмедегі өсімдік-теріме шамамен 4 литрдей су жұмсаймын. Ал, пәтерімді тазартуға орташа алғанда 5 шелек су кетеді, яғни, ол 50 литр деген сөз.

Қорытындысын шығарайық. Демалыс күндері менің бір өзім шамамен 600 литр суды шығындадым! Шүмекті бір сағат ашық тастап кетсең, дәл осы мөлшердегі су ағып кетеді. Әдетте, біз үйді және кірді күн сайын жинап, жуып жатпаймыз. Жұмыстағы адамдар күндіз үйде болмайды, демек, бұл олар канализациялық құбырға суды жібермейді деген сөз. Алайда, егер кір жууға, үй жинауға және жуынуға кеткен шығындарды есептейтін болсақ, коммуналшылар белгілеген 60 литрлік нормадан асырмау мүмкін емес.

АТЫРАУ ЕУРОПАДАН ОЗЫҚ ТҰР

Өз таныстарыма сұрау сала отырып, мынадай қорытынды жасадым. Төрт адамнан тұратын отбасында су есептегіштер орташа есеппен 13 текше метрді айналдырады, бұл айына 13 мың литр суға тең болады. Мұндай отбасының тәуліктік тұтыну нормасы 433 литрді құрайды, яғни, әрбір адамға 108 литрден келеді. Олар екінші топ параметріне енгізіледі, бірінші топқа еніп және арзан тарифпен төлеу үшін оларға өз «тәбеттерін» екі есеге дейін шектеуге тура келеді.

Бәлкім, еуропалықтардың тәсіліне көшкен дұрыс болар. Яғни, су ағызатын бакке кірпіш салып және шүмекті тісімізді тазалағанға дейін жаба тұру. Алайда, бізді қорытындылауға әкелуге тырысатын үнемдеу тақырыбы - бұл басқа әңгі-менің тақырыбы.

Сөз соңында салыстыру үшін мына ақпараттарды алға тартайын. Белгиядағы бір адамның суды тәуліктегі тұтыну нормасы 108 литрді, Испанияда 126, Ұлыбританияда 136, Германияда 146, Финляндияда 151, Францияда 159, Норвегияда 175, Данияда 190, Швецияда 194, Италияда 220, Ресейдің ірі қалаларында – 400 литрді құрайды. Әрине, бұдан айырмашылықты көруге болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

 

Кеңестік дәуірдегі ірі ғалым-гигиенашылар А.Н.Марзеев пен В.М.Жаботинский бір адамға шаққанда тәулігіне үш мәрте жуыну үшін 5 л су, күн сайын гигиеналық душ қабылдау үшін – 25 л, аптасына бір рет ванна қабылдау үшін – 250 л, тамақ дайындау үшін – 5 л, еден жуу үшін 1 шаршы метрге 1 л (орташа алғанда тәулігіне 10 л), тәулігіне үш мәрте унитазды шаю үшін 18 л қажет деп есептеп шығарған. Нәтижесінде сумен қамтудың төменгі нормасы ауыз су және адамның санитарлық-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыру үшін тәулігіне 150 литрден кем болмауы тиіс боп шыққан. 

1 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.