Атырау, 20 сәуір 21:04
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Батыстың намысын Руслан қорғайтын болды

2 097 просмотра

Руслан БЕРДИМАТОВ «Жұлдыздар фабрикасы» жобасының финалына өтті.

Дүйсенбі күні жерлесіміз «Жұлдыздар фабрикасы» жобасының басшылығынан бағдарлама финалының түсіріліміне шақырту алыпты.

Финалға 16 қатысушы өткен. Руслан Бердиматов бүкіл батыс Қазақстан өңірінен қатысатын бірден бір өкіл екен. Негізінен финалистер қатарынан еліміздің оңтүстігі мен орталығынан – Алматыдан, Шымкенттен, Астанадан, Көкшетаудан және т.б. келген өнерпаздар орын алған. «Үлкен жауапкершілікті сезініп жүрмін, өйткені бір өзім бүкіл батыс өңірінің атынан өнер көрсетемін ғой. Жерлестерімді жерге қаратпаспын деп үміттенемін. Өлкеміздің нағыз таланттарға тұнып тұрғанын дәлелдеймін», - дейді Руслан. Сейсенбі күні ол 7-ші арнадағы «Фактор X-treme» жобасына финалдық түсірілімге қатысу үшін Алматыға ұшып кетті. Ол жобаға Русланды «Х - фактор» жобасына қатысқаннан кейін шақырған болатын. 15 қыркүйекте жұлдыздар үйіне орналастыру басталады, ал шамамен 20 қыркүйектен бастап 7-ші арнадағы апта сайынғы бағдарлама арқылы жерлесіміздің жобадағы тіршілігіне бақылау жасап, жанкүйер бола аламыз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 қыркүйек 2011, 18:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.