Атырау, 19 сәуір 05:47
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Бес қазақстандық Йеменнен қауіпсіз жерге көшірілді, тағы бір азаматша әлі сонда қалуда –ҚР СІМ

1 683 просмотра

Бес қазақстандық Йеменнен қауіпсіз жерге көшірілді, тағы бір азаматша әлі сонда қалуда деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

«Ү. ж. 4 сәуірде Йемен уақыты бойынша шамамен сағат 14-те ҚР Омандағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының 5 азаматы - Оспанов Дастан жұбайы және баласымен, Ақжанова Ильмира нәресте баласымен Ресей ТЖМ ұшағымен Йемен жерінен шығарылған болатын»,-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Йеменде тұрақты өмір сүретін тағы бір қазақстандық азамат Саханова Гүлмираның Санада қалғаны туралы хабар Қазақстанның Масқаттағы Елшілігіне 4 сәуір күні кешкі уақытта келіп түсті.

«Азаматшаның туысқандарынан алынған байланыс телефон нөмірлері арқылы ҚР Омандағы елшілігі Г. Сахановамен хабарласып, оның елден эвакуациясы ресей тарапымен ертеңге келісілді.Қазіргі уақытта азаматшамызға қауіп төніп тұрған жоқ»,-деп атап көрсетілген хабарламада.

Қазақстанның Омандағы Елшілігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі аталған мәселені қатаң қадағалауда, деп атап көрсетеді ведомство.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

6 сәуір 2015, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.