Атырау, 16 сәуір 11:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Оқиғалар тізбегі

3 052 просмотра

Наурыздың 19-да кешкісін Сәтпаев даңғылының бойындағы түнгі клубтардың біріне келушілерді олардың таныстары алдап соққан. Тағам мен сусындар үшін ақы төлейтін кез келгенде жігіттердің бірі 10 мыңдық купюраны ұсақтап келемін деп шығып кетеді. Күдікті, 22 жастағы Геолог поселкесінің тұрғыны із суытпай ұсталады. Ол өз әрекетін жақын маңда ақша ұсақтайтын жер болмағандығымен түсіндіріп ақталыпты.

 

Наурыздың 20-сына қараған түні Доссор поселкесінде мас күйдегі үш ер адамның бірі поселкелік полиция бөлімінің есігін теуіп, қоқыс жәшігін аударып тастаған. 28-30 жас аралығындағы бұзақылар ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

 

Наурыздың 21-іне қараған түні Балықшы округіндегі поселкелердің бірінде «Батыс» полиция жасағы азық-түлік дүкенінен ұрлық жасамақ болған екі ұрыны ұстады. Заттай айғақтар алынды.

 

Наурыздың 23-інде күндіз су полициясының қызметкерлері теміржол вокзалының жанында «Фольксваген-Пассат» көлігін тоқтатып, жүксалғышынан 257 келі сазан тапқан. Көлік жүргізушісі, Жанбай селосының тұрғынына қатысты тексеру басталды.

 

Наурыздың 23-де кешкісін Балықшыдағы көлік жуу орнының аумағынан «Хендай» көлігі ұрланды. Күдікті, 23 жастағы Қарақалпақстан тұрғыны ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

 

Наурыздың 23-іне қараған түні Құлсары қаласында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері азық-түлік дүкенінің есігін сындырмақ болған 28 және 31 жастағы жергілікті тұрғындарды ұстады. Тергеу жүргізілуде.

 

Наурыздың 23-іне қараған түні Құрманғазы ауданының Бірлік селосында Қиғаш өзенінің жағасында қалдырылған қайықтың аспалы моторы ұрланды. Зиян мөлшері 530 мың теңгені құрады. Ұрлық жасады деген күдікпен Ганюшкин селосының 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

 

Наурыздың 29-ына қараған түні Жылыой АІІБ қызметкерлері Құлсары-Сарықамыс тас жолынан жөнелтпе құжаттары жоқ 4 тонна солярка тиеген МАЗ автоцистернасын ұстады. 27 жастағы жүргізушіге қатысты тексеру жүргізілуде.

 

ҚІІБ криминалдық полициясы 19 және 24 наурыз аралығында үш азық-түлік дүкенінен ұрлық жасады деп күдіктелген Балықшының 21 жастағы тұрғынын ұстады.

 

Индер АІІБ 2 ақпанда 54 жастағы индерборлықты ұрып-соқты деген күдікпен 36 және 39 жастағы Индербор поселкесінің тұрғындарын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

 

Наурыздың 30-ына қараған түні белгісіз біреулер Азаттық даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласындағы көлікжайдан 6 қоянды ұрлаған. Тергеу жүргізілуде.

 

                     

2 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.