Атырау, 29 наурыз 05:50
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Балалар және бюрократия-2

2 564 просмотра

26 наурызда қалалық әкімдіктің жанына кәсіпкерлер – батуттардың, аттракциондардың иелері, тәттілер мен салқын сусындар сатушылар жиналды. Бірнеше жылдан бері олар өз проблемаларын шеше алмай келеді – билік оларға қала алаңдары мен аллеяларында жұмыс жасауға рұқсат бермей отыр.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл ахуал бес жыл бойына жалғасып келеді. Бізде арнайы демалыс бақтары жоқ, сондықтан олар өз аттракциондарын алаңдарда жабдықтауға мәжбүр. Сол жерден оларды әлсін әлі полицейлер қуып жібереді Балалар және бюрократия»). Олардың бизнесі – сәуірдің аяғынан бастап қыркүйекке дейінгі аралықтағы маусымдық жұмыс. Жыл сайын қыста кәсіпкерлер қала әкімінің атына өтініш жазады, бірақ жауабын ала алмайды.

Өткен маусымды тыныш өтті деуге болады, қалай дегенмен де тексеру мораторийі қолданыста болды, енді қиын уақыт келді.

Кәсіпкерлер бұрын әкімшілік айыппұлдармен және басқа да жазалармен бетпе-бет келген еді.

Біздің алаңда халық толы болады, алаңдар халықтың ақшасына салынған және барлық тұрғындарға арналған. Алаңдар мен аллеяларға батуттар, әткеншектер, тәттілер мен салқындатқыш сусындарға арналған аппараттарды орнатуға тыйым салынған заңды көрсетіңізші. Неліктен біздің өтінішімізден үнемі бас тартады? – дейді кәсіпкер Гүлфат ХАМИТОВА.

Мәселе мынада, ресми түрде алаңдарда кәсіпкерлік қызмет көрсетуге тыйым салынбайды, кәсіпкерлерді үнемі біресе кәсіпкерлік бөліміне, біресе сәулет бөліміне, біресе ТКШ бөліміне сілтей береді. Алдымен кәсіпкерлерді электр желілерін қосады деп айыптады, содан соң олар генератор сатып алды. Содан кейін аттракциондардың жұмысынан соң қоқыс қалады, балалар тәттілерді сатып алып, орамасын лақтырып тастайды деді. Сол кезде олар қоқыс шығаратын компаниямен келісімшарт жасауға келісті.

– Кәсіпкерлердің барлығы салықты уақытында төлеп тұрады, бәріне отбасыларын асырау керек. Жабдықтар қымбат тұрады, кейбірі сол батуттарды сатып алу үшін арнайы несиелер алды, ал бізге дұрыс жұмыс жасап, табыс табуға мүмкіндік бермейді. Біз аз қамтылған жандарға жұмыс орындарын ұсынамыз, біздің аттракциондарымыз – қымбат ойын-сауық орталықтарының баламасы, - дейді кәсіпкер Нұржамал ӨТЕУЛИЕВА.

«Аттракционшылар» биліктің өздеріне жұмыс жасауға тыйым салатын заңды себебі жоқ, әйтпесе баяғыда-ақ себебін атар еді деп күмәнданады. Алайда билік олардың жұмыс істеуіне бір ғана қарапайым себеппен рұқсат бергілері келмейді -  жауапкершіліктен қорқады. Кенеттен Ақтаудағыдай қайғылы жағдай орын алса ше? Ол жақта нашар бекітілген аттракционда сәби көз жұмған еді.

Кәсіпкерлерді көп күттірмей қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ қабылдады. Оларға ұсынылған нұсқа – бәрін Жилгородоктағы Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының артқы жағындағы саябаққа орнату – түсінбестік туғызды. Ағаштары жоқ алаңқайларға бірер аттракцион әрең сыяды, ал үлкен үрмелі батуттарды қайда орналастырмақ? Көліктер қалай жүреді? Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі Жалғас КЕЙКЕШЕВ бәріне прокуратураға шағым жазуды ұсынды, бірақ мәселеге құқықтық тұрғыда баға бермеді. Тіпті делегацияның әкімдік алдында кездестірген қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВПЕН әңгімесі де еш нәтиже бермеді: қала басшысы қатысушыларды сәуір айында рұқсат алатындықтарына, бірақ Жилгородокта жұмыс істеуге тура келетіндіктеріне сендірді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

27 наурыз 2015, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.