Атырау, 28 наурыз 15:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Apple басшысы барлық қаражатын қайырымдылыққа бермек

1 207 просмотра

Apple компаниясының басшысы Тим Кук өз қаражатының басым бөлігін қайырымдылыққа бағыттамақ, деп жазды Fortune.

«Кук өзінің 10 жастағы жиенін жоғары біліммен қамтамасыз еткен соң өз қаражатын қайырымдылыққа беруді жоспарлап отыр.  Қаржысының бір бөлігін өзінің жобаларын жүзеге асыруға қалдырады», - деп жазады басылым.

Fortune атап өткендей, Куктың дәулеті шамамен  $120 млн. бағаланды. Сонымен қатар, ол  Apple-дегі өз үлесін сатса, оның байлығы $665 млн. арта түседі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 наурыз 2015, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.