Атырау, 19 сәуір 14:00
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 355 просмотра

Гандбол

Дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының қолдауымен «Мұнайшы» спорт кешенінде гандболдан облыстық Оқушылар лигасының 7-чемпионаты өтті. 

5-6 сыныпта оқитын ер балалар арасында 1-орынды Құрманғазы ауданының, 2-нші және 3-інші орындарды, сәйкесінше, Атырау қаласы және Махамбет ауданының командалары жеңіп алды. Қыздар арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді (1, 2, және 3-орын сәйкесінше): Махамбет, Құрманғазы аудандары және Атырау қаласы.  

7-8 сынып оқушылары арасында екі санатта да жылыойлықтар жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, жылыойлық қыздар 9-10 сынып оқушылары арасында да бірінші орынды иеленді. Осы жас санатында ер балалар арасында құрманғазылықтар жеңіске жетті. 

Чемпионаттың үздік ойыншылары: Абылай Қалбаев (Жылыой ауданы), Рүстем Қисамеденов, Ажар Ізімова, Айдана Қойшығұлова (Құрманғазы ауданы).

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

Бокс

Махамбет ауылында 2001-02 ж.т. ер балалар арасында бокстан облыс чемпионаты өтті. 

Жарыс қорытындысы бойынша сәуір айында Ақтөбеде өтетін Қазақстан аймақтық чемпионатына («Батыс» дивизионы) іріктеу жүргізілді. Өз салмақ дәрежелерінде Ерасыл Ғаниев, Болат Самат, Алдоңғар Әміржан, Бейбарыс Жеткербаев, Аманжол Бекболатұлы, Дархан Бағытов, Нұрсұлтан Наурызбаев, Руслан Қайырғалиев, Ахмет Бекболатұлы, Батыржан Тоқтаров чемпион атанды. «Үздік техникасы үшін» сыйлықты Ахмет Бекболатұлы иеленсе, «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы сыйлығын Иманғали Қосжанов алды.

***

 

Карате

Ақтөбеде балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында кекушинкай карате-додан республикалық турнир өтті. Біздің облысымыздың намысын облыстық «Намыс» кекушинкай карате-до федерациясының шәкірттері қорғады.

Дінмұхаммед Әбдіғали, Дамир Жарекесов (сонымен қатар «Үздік техникасы үшін» сыйлығымен марапатталды), Иван Пустовойт, Эльдар Бисенов, Асылан Шаймерденов және Рүстем Байбосынов жеңімпаз атанды. Глеб Повстянко, Сұлтан Нұрбаев, Кирсан Кұлмағамбетов, Сайқыбек Ғалымжанов, Нұрасыл Қадырғалиев, Алмаз Әлиханов, Бекжан Сағытжанов, Бекасыл Арманұлы және Әлфараби Тұрмағамбетов күміс және қола жүлделерге ие болды. Спортшыларды мына бапкерлер жаттықтырады: Таңат Нұрымов, Мұрат Жолдасов, Андрей Котов және Рүстем Байбосынов.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.