Атырау, 20 сәуір 19:00
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Балабақшадан мектепке дейін

14 663 просмотра

Балаларды мектепке даярлау – ата-аналар үшін ең өзекті мәселе. Мектептердегі даярлық сыныбы мен балабақшадағы бағдарламалардың айырмашылығы неде, өз балаңыздың біліміне сенімді болу үшін репетитор жалдау қажет пе? Осы және басқа да мәселелерді біз қалалық білім бөлімі мектепке дейінгі бөлімінің бас маманы Гүлнәр ЖОЛМҰХАНОВАҒА жолдаған едік.

ЖОҒАРҒЫ ТОПЖОЙЫЛМАЙДЫ

Көктемге жақын тәрбиешілер, неліктен екені белгісіз, жаңа оқу жылында балабақшаларда мектепке даярлық жүргізілмейтіндігін айта бастайды. Бұл әңгімелер соңғы жылдары әдетке айналып кеткен. Ата-аналар бұл, тіпті, балабақшадан балаларды неғұрлым көп кетіру үшін жасалады деген болжамдар айтатын болған. Кейбірі шыдай алмай, балаларын жетектеп, нөл сыныбына құжаттар тапсыруға жүгіреді. Түстен кейін сәбилерін тастайтын жерлері жоқтар табиғи зердесіне сеніп, жазда мектепке барар кезде репетитор жалдауды көздеп, балаларын балабақшада қалдыруға мәжбүр.

Бұл жолы да редакцияға неліктен келесі оқу жылында балабақшаларда жоғарғы топ болмайтындығын түсіндіріп беру өтінішімен бірнеше ата-ана жүгінген еді. Мұндай ақпаратты олар тәрбиешілерден естіген екен.

Бірақ іс жүзінде, Гүлнәр Жолмұханованың айтуынша, қазіргі уақытта жоғарғы топтарды жабу туралы ешқандай бұйрық жоқ екен. Демек, олар бұрынғыша жұмыс істей береді.

Қаладағы мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу және оқыту бүгінде 2012 жылғы 23 тамыздағы үкімет қаулысымен бекітілген «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары» бойынша жүргізіліп келеді. Балабақшаларда бірінші төменгі топ, екінші төменгі топ, орта топ, жоғарғы топ, мектепалды даярлық топтары бар. Бірінші төменгі топтар ерте жастағы (бір жастан үш жасқа дейінгі) балаларға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы бойынша, екінші төменгі және орта топтар – «Зерек бала» бағдарламасы (3-тен 5 жасқа дейін) бойынша, жоғарғы топтар «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы (5-6 жас) бойынша жұмыс істейді.

Қаладағы кейбір балабақшаларда мектепалды даярлық топтары бар, олар «5-7 жастағы балаларға арналған мектепалды даярлық бағдарламасы» бойынша жұмыс істейді. Мұның мақсаты жоғарғы топтармен бірдей – «мектепке дейінгі жастағы баланың жеке басын дамытуды қамтамасыз ету және әрі қарай мектепте оқуға даярлау».

Бұдан басқа, Атыраудағы бірнеше балабақшада тіпті жоғарғы топтар атымен жоқ. Атап айтқанда, бұлар №№12 және 22 балабақшалар. Олар 4 топқа (аз толымды) есептелген. Орта топтан соң балаларды жақын маңдағы балабақшалардың жоғарғы тобына жібереді немесе ата-аналары оларды мектептердегі даярлық сыныбына береді.

- Биыл №25 «Еркемай» балабақшасында жоғарғы топ ашылады. Келесі жылы №12 және №22 балабақшаларда жоғарғы топтар ашуды жоспарлап отырмыз. Ата-аналарды орта топтан кейін балаларын бірден даярлық сыныбына беруге мәжбүрлеуге ешкімнің қақысы жоқ. Ата-аналары балаларын қалаулары бойынша даярлық сыныбына бере алады, - дейді Гүлнәр Жолмұханова.

 

«ТЕСТІЛЕУ ЕМЕС, СҰХБАТТАСУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ»

- Жоғарғы топтарға арналған (5-6 жас) жаңа «Біз мектепке барамыз» оқу бағдарламасы мектеп алдындағы топтарға арналған ескі «5-7 жастағы балаларды мектепалды даярлау бағдарламасынан» несімен ерекшеленеді? Мамандар оның жеңіл екенін айтып отыр: бүкіл алфавиттің орнына балалар тек 18 әріпті үйренеді, кітаптың орнына басқа оқу құралдары, дәптерлер және т.б. қолданылады.

- Жаңа «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы әр жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескеретін мемлекеттік стандарттарға сай жасалған. Әр бағдарлама үшін балаларға арналған әдістемелік ұсыныстар мен жұмыс дәптерлері жасақталған. Шынымен де, оқу құралы, жұмыс дәптерлері ерекшеленеді, бірақ екі бағдарлама да балаларды мектепке әзірлеуді мақсат етеді.

- Егер қазір балабақшадағы балаларды жеңілдетілген бағдарлама бойынша мектепке даярлайтын болса, ал мектептердегі даярлықсыныбында бұрынғы бағдарлама қалатын болса, балалардың білімі бойынша үлкен айырмашылық болады. Мұны болдырмас үшін шаралар қалай қолданылады?

- Балабақшаларда бағдарлама бойынша бекітілген сабақтардан басқа педагогтар түстен кейін балалардың қызығушылықтары бойынша қосымша жұмыстар жүргізеді.

-Егер ата-аналар балаларын лицейге немесе гимназияға бергілері келсе, оларға балалармен қосымша жұмыс істеу үшін репетитор жалдауы керек деп тәрбиешілер ашық ескертеді. Сіз бұған не айтар едіңіз?

- Балабақшаға түрлі даму деңгейіндегі балалар баратындықтан, балабақша мен мектептердегі бағдарлама да түрліше меңгеріледі. Сондықтан балаға репетитор жалдау – ата-аналардың өз қалауларына байланысты.

- Соңғы кездері ата-аналар балаларын даярлықсыныбы мен мектеп жанындағы үйрететін шағын орталықтарға көбірек бере бастады. Өткен оқу жылында қанша даярлықсыныбы мен шағын орталықтар жұмыс істеді және қазір қалада қаншасы бар?

- 2013 жылы қала мектептерінде 198 даярлықсыныбы болды, онда 4311 бала оқыды, 2014-2015 жылдары даярлықсыныбы көбейіп, 225 болды. Онда 5225 бала білім алуда. 2013 жылы мектеп жанында 39 шағын орталықтар жұмыс істеді, онда 1609 бала оқыды. Ағымдағы оқу жылында 40 шағын орталықта 1620 бала оқиды. 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу - тегін.

- Бірінші сыныпқа қабылданатын балаларға қойылатын талаптар өзгере ме? 2007 жылғы 29 маусымдағы Білім және ғылым министрінің бұйрығының негізінде бірінші сыныпқа ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегінде 6 жасқа толған балалар даярлық деңгейіне қарамастан қабылданады. Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан, сынақ, тестілеу өткізуге тыйым салынады. Алайда гимназиялық сыныпқа түсу үшін балалардың «сұхбаттасудан» өтетіні белгілі. Ал, іс жүзінде бұл тестілеу – олар тақтадан мәтіндерді көшіріп жаза алуы және қарапайым мәтінді жүгіртіп оқуы тиіс және т.б.

- Мектеп-лицейлер, гимназиялар Мектеп жарғысының негізінде 1 сыныпқа балаларды қабылдау кезінде сұхбаттасу жүргізеді, бірақ тестілеу емес. Сұхбаттасудан өту кезінде қойылатын талаптар 6 жастағы балаларға қажетті білімге сай келеді.

БАСТЫСЫ -  ПСИХОЛОГИЯ

- Жоғарғы және мектепалды даярлық тобы – екі түрлі нәрсе, - деп өз пікірлерімен бөліседі тәжірибелі педагогтар. Балаларды барлық жас тобында даярлау жүргізіледі және жас ерекшеліктері бойынша айқын шектелген бағдарлама білім алу процесін жақсартады деп атап өтеді. Жоғарғы топты бітіргеннен кейін балалар ата-аналарының қалауы бойынша мектепалды даярлық тобына, даярлықнемесе бірінші сыныпқа бара алады. Алайда 1 қыркүйекте толық 6 жасқа толған балалардан мектепке дейінгі мекеме қабырғасынан кетуді сыпайы түрде өтінеді.

Дегенмен, тәжірибелі педагогтар баланы мектепке даярлау алфавитті білуде немесе оқып шығуда емес, психологиялық және эмоционалдық жетілуде екендігіне сенімді. Соған дәлел ретінде: «Мектепке дайын болу – оқи алу, санау, жаза білу емес .

Мектепке дайын болу – осылардың барлығын үйрене білуге дайын болу» деген баланың мектепке дейінгі даярлығы тақырыбын зерттеген танымал психолог Л.А.Венгердің сөзін келтірді. Мектепке психологиялық даярлық – жалпы белгілі бір білгірлік деңгейін және әлеуметтік-тұрмыстық бағытты, қоршаған әлем туралы білім мен түсінікті, ақыл-ой операциясын, әрекетін және машықтарын, танымдық белсенділікті, тілдік дамуды білдіреді.  

Бала қай елде, қай қалада тұратынын, оң жақ пен сол жақтың қайда екенін білуі, белгілі бір белгілері бойынша заттарды бір топқа біріктіре білуі, шағын хикаяны баяндап бере білуі тиіс және  т.б. Ал эмоционалдық жетілу - ұзақ уақыт бойына онша тартымды емес тапсырманы орындау қабілетімен қоса өз мінез-құлқын басқара алуды білдіреді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.