Атырау, 25 сәуір 05:36
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ойын-сауыққа - жиырма минут

2 821 просмотра

– Бірнеше жыл бұрын балабақшалардағы орта топқа арналған ертеңгіліктерде шағын театрлық қойылымдар қою үйреншікті іс болатын. Ал, қазір оларды тек жоғарғы топтарға ғана қоюға рұқсат беріп отыр. Тәрбиешілердің айтуларынша, кіші және орта топ балаларына арналған ертеңгіліктердің уақыты көп қысқартылған, өйткені, әдіскерлер ертеңгіліктің қанша уақытқа созылатынын өлшейді екен. Әдіскерлер білім министрлігінің белгілі бір стандарттарына сілтейді. Іс жүзінде мұндай стандарттар бар ма?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің бас маманы Гүлнәр ЖОЛМҰХАНОВА жауап берді:

– ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде балалардың сазды ойын-сауықтар мен мерекелерге, театрландырылған қойылымдарға қатысуы ерте жастан (1-ден 6 жасқа дейін) қарастырылған. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ұйымдастырылатын барлық ойын-сауық, соның ішінде ертеңгіліктер, балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес өткізіледі. Барлық ойын-сауықтардың сценарийлерін балабақшалардың педагогтары мен тәрбиешілері осы бөлім бойынша әдістемелік ұсыныстарға сәйкес әзірлейді. Сценарийді әзірлеу кезінде балалардың жас құрылымы, бағдарламалық мазмұны, ұзақтығы ескерілуі тиіс. Мәселен, бірінші төменгі топтардың балалары үшін 20 минуттан аспайтын ертеңгілік ұсынылады. Екінші кіші топ үшін 25 минуттан, орта топ үшін 35 минуттан, жоғарғы топ үшін 50 минуттан аспайтын ертеңгілік ұйымдастыруға кеңес беріледі. Бәрі де ойын-сауық өткізу формасына байланысты болады. Егер бұл ертеңгілік болса, уақыт сәл ұзартылады.

26 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.