Атырау, 19 сәуір 07:27
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Байтазиев Приднестровье металлургия зауытының директоры болып тағайындалды

1 364 просмотра
Молдавиялық БАҚ-тар хабарлағандай, Молдавия металлургия зауытының бас директоры болып қазақстандық бизнесмен Талғат БАЙТАЗИЕВ тағайындалған. Бұл туралы қабылданбаған Приднестровье Молдавия Республикасының президенті Евгений ШЕВЧУК мәлімдеді.
 
10 наурызда Молдавия металлургия зауытында (ММЗ) ақпан айында кәсіпорын "мемлекет меншігіне қайтарылғаннан" кейінгі алғашқы қорытпа алынды деп хабарланады.
Шевчуктың айтуынша, зауыт жалпы көлемі 140 млн-нан астам долларға қара металл сынықтарын жеткізу түрінде тауарлық несие алған. Қазір зауыт 4 млн доллар шығынға ұшырапты. "Негізгі мақсат - алдымен залалсыз өндіріске шығып, әрі қарай табыс түсіру. Наурызда 37 мың тонна металл бұйымдарын шығару жоспарланып отыр", - деді ол.
Шевчук ақпан айының басында-ақ, металл сынықтарын сатып алу және зауытты іске қосу үшін 40 млн доллар доллар қаржы салуға әзір жаңа инвесторды тапқанын айтқан еді, алайда оның есімін атамаған болатын.
Бұдан бұрын "АЖ" Байтазиевтің прагалық "Славия" футбол клубын Synot TIP Aréna  стадионымен қоса 50 млн еуроға сатып алмақшы екенін хабарлаған болатын («Байтазиев прагалық "Славияны" сатып алмақшы»).
Естеріңізге салсақ, Талғат Байтазиев 49 жаста, Атырау мұнай және газ институтының түлегі, 2004 – 2012 жылдар аралығында АМӨЗ-ді (ҚМГ ұлттық компаниясының 100%-дық еншілес кәсіпорны) басқарды. Содан кейін 2012 жылдың желтоқсанында құрамына Батуми мұнай терминалы мен Батуми теңіз порты кіретін «Batumi Industrial Holdings Ltd.» компаниясының (ҚМГ-ның 100%-дық «еншілесі» болып табылатын «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 100%-дық еншілес кәсіпорны) бас директоры болып тағайындалды.
 
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
24 наурыз 2015, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.