Атырау, 19 сәуір 06:53
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Мешітте тәртіпке бағынбағаны үшін айыппұл арқалады

3 770 просмотра

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты  Атырау қаласының тұрғынына мешітте тәртіпке бағынбағаны үшін 50 АЕК мөлшерінде (99 100 теңге) айыппұл салу туралы қаулы шығарды.

Ол осы жылдың 2 қаңтары күні орталық мешітте намаз оқылып жатқан кезде мешіт қызметкеріне дөрекілік көрсетіп, ішкі тәртіпке бағынбай, жамағаттың мазасын алған. Осыған байланысты оған ҚР ӘҚтК-нің 490-бабының 2-тармағы бойынша («Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру») сот шешімі шығарылды.

Айнұр САПАРОВА

22 наурыз 2015, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.