Атырау, 29 наурыз 10:50
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда Іскер әйелдер кеңесі құрылды

2 083 просмотра

Атырауда кәсіпкерлердің өңірлік палатасында Іскер әйелдер кеңесі құрылды.

Кеңестің алғашқы отырысы 17 наурызда Атырауға ҰКП президиумының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ келген кезде өтті. Дегенмен, ол отырысқа қатысқан жоқ. Отырысқа орталық басшылықтан ҰКП президиумы хатшылығының жетекшісі Ләззат РАМАЗАНОВА (суретте) қатысты.

– 2015 жыл Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өңірлер жылы деп жарияланды. Өйткені жергілікті филиалдардың жолға қойылған жұмысынсыз бірде-бір ұйым қызмет ете алмайды. Бір қуаныштысы, бүкіл аудан деңгейінде желісі құрылған Атырау облысының жұмыс органы алғашқы болып үн қатты. Іскер әйелдер кеңесіне келер болсақ – бүгінде өзі де дамып, бизнестің де гүлденуіне қол ұшын беріп, осылайша елдегі жұмыспен қамту деңгейін көтергісі келетін жас әрі белсенді бизнес-вумендер саны артып келеді, - деп мәлімдеді Рамазанова.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

20 наурыз 2015, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.