Атырау, 24 сәуір 12:47
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ағынды шығысқа бұрамыз-2

3 639 просмотра

Облыстық әкімдікте болған жиналыста Атыраудағы телемұнараның ауданында орналасқан «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Атырау мұнай басқармасының (АМБ) «666-шақырым» мұнай айдау станциясын (МАС) қайта жарақтау жұмыстары үстіміздегі жылдың желтоқсанында аяқталады деп хабарлады.

Қайта жарақтау барысында МАС жабдықталатын қондырғылардың бірі рекуперациялауға, яғни, мұнай буларын ұстауға арналған, ал бұл өте маңызды, өйткені болашақта осы МАС «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы жүйесіндегі бас станцияға айналмақ.

Қайта жарақтаудың басталуы туралы біз өткен жылы жазған едік Ағынды шығысқа бұрамыз» мақаласын қараңыз).

«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы АМБ бас инженері Арыстанбек ЖӘҢГІРОВ біздің сұранысымызға былай деп жауап берді:

«ҚазТрансОйл» компаниясын дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі Батыс Қазақстан кен орындарынан мұнайды тасымалдау болып табылады. Осы мақсатта 2009 жылғы қазан айында «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры қолданысқа енгізілді (осы құбыр арқылы мұнай Қытайдағы «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырына жеткізіледі. - М.С.)жұмыстардың келесі кезеңі 2003 жылы қолданысқа енгізілген «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын реверсиялау (мұнай ағынын қарсы бағытқа бұру – М.С.) болып табылады.

«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын реверсиялау кезінде Атырау қаласы маңында орналасқан «663-шақырым» МАС бас мұнай айдау станциясы қызметін атқарады. Осы мақсатта Қазақ мұнай және газ институтында «663-шақырым» МАС-ты қайта жарақтау және кеңейту жобасы жасалып, 2014 жылдың басында оны жүзеге асыру басталды. Құрылыс үдерісінде келесі нысандар салынбақ: көлемі 140 мың текше метр резервуар паркі, мұнайды Атырау МӨЗ-ге және «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына жеткізуге мүмкіндігі бар магистралды және тіреуіш сорғылар, мұнай буларын ұстау қондырғысы, қалдық суларды тазалау жүйесі, қызметкерлерге арналған асхана, 5 автокөлікке арналған гараж, өрт сөндіру депосы, өрт сөндіру жүйесі».

«663-шақырым МАС қолданысқа 1968 жылы берілген және қазір «Өзен-Атырау-Самара» «ыстық» мұнай құбыры желісінің аралық станциясы болып табылады. Станция мұнайды жолда қыздырып, АМӨЗ-ге шикізат айдауды жүзеге асырады. Өткен жылы «663-шақырым» МАС арқылы 18 млн 383 мың тонна мұнай өткізіліп, соның ішінде 4 млн 776 мың тоннасы АМӨЗ-ге жеткізілді. Жалпы АМБ бойынша мұнай тасымалдау 23 млн 45 мың тоннаны құрады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 наурыз 2015, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.