Атырау, 23 сәуір 15:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Алматыда Жүргенов атындағы өнер академиясының ғимаратынан өрт шықты

3 575 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары ААФото: Қазақстан жаңалықтары АААлматыда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғимаратынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.

Студенттер мен оқытушылар эвакуацияланды. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің жасақтары келді. СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының мәліметінше, тілсіз жау мың шаршы метрден артық аумақты шарпыған. Кинорежиссура факультеті орналасқан ғимараттың төртінші қабаты өртенген. Студенттердің сөзіне қарағанда, бүгін сабақ болмаған, бірақ Наурыз мейрамы аталып өткендіктен олар ғимараттың ішінде болыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр өткізгіштердің қысқа тұйықталуы себеп болған.

Төтенше жағдайлар департаменті өртті ауыздықтауға 10 негізгі, 12 арнайы техника мен 70 өртсөндірушінің жұмылдырылғанын хабарлады. Өрт шыққан орынға жету үшін өрт сөндіру көлігіне жарнама билборды кедергі келтірді. Техниканы өткізіп жіберу үшін академия қызметкерлеріне конструкцияны құлатуға тура келді.

Сонымен қатар, оқу орнының қызметкерлері оқиға жайлы мәлімет таратуға қарсылық білдіріп, журналистерге күш қолданды. БАҚ өкілдерін оқу орнының аумағынан шығарып жіберді. Олардың бірі - "Литер" газетінің фотографы Павел Михеев, ол студент шабуыл жасады деп полицияға арызданды. Студент ер адамның бетінен бірнеше рет ұрған. Оның айтуынша, зардап шеккендердің тағы біреуі академия студенттерінің үстінен полицияға шағым түсіріп жатыр. Жанжал кезінде Tengrinews.kz тілшісі де жарақат алды.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 наурыз 2015, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.