Атырау, 29 наурыз 12:46
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Есінен адасқан және нашақор екі жігіт Атырау ауруханасын «жарып жібермек» болды

3 138 просмотра

Атырауда облыстық аурухананы жарып жібереміз деп қорқытқан екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды Тengrinews.kz «Интерфакс-Қазақстан» АА-ға сілтеме жасап.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың мәліметтері бойынша, 9 қыркүйекке қараған түні полиция диспетчерінің пультіне аурухана қызметкерлерінен екі белгісіз адам медқызметкерлерді қыспаққа алып, аурухананы жарып жібереміз деп қорқытқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері удай мас екі жас жігітті тұтқындады.

Тәртіп бұзғандар тұтқындалып, қалалық ІІБ-нің кезекшілік бөліміне жеткізілді. Онда бұзақылардың бірі психоневрологиялық, келесісі нашақорлық диспансерде есепте тұрғандығы анықталды.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/58012/

9 қыркүйек 2011, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.