Атырау, 29 наурыз 14:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Құтқарушыларды құтқаруға тура келді

2 632 просмотра

16 наурызда қала маңындағы Бесікті поселкесінің 23 және 26 жастағы тұрғындары Каспий теңізі жаққа қарай мотоциклмен балық аулауға шығып, жоғалып кеткен. Келесі күні төрт туысы мен достары іздеуге шығып, олар да жоғалған.

Тағы бір тәулік күткен соң туыстары құқыққорғау органдарынан көмек сұрайды. Сол кезде елді әбігерге түсірген әлгі екі жігіт Құрманғазы ауданының Сафроновка ауылына дейін, ол жерден өз ауылдары Бесіктіге аман-есен жетеді.

Облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Алмагүл КАРИШЕВАНЫҢайтуынша, жоғалған төртеуді іздеу үшін жедел штаб құрылған. Көмекке Батыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушыларын, Исатай және Құрманғазы аудандарының ТЖД қызметкерлерін шақырған. Забурын селосының тұрғындары да – 13 мотоциклмен, 5 көлікпен, барлығы 57 адам іздеуге кіріскен. Бірнеше сағаттан кейін теңіз жаққа қарай Забурын селосынан 20 шақырым жерден бос «Нива» көлігі табылады.

Құрлықтағы іздеу жұмыстары нәтиже бермегендіктен, Атыраудан тікұшақ шығып, адасқан жандарды тауып алады. Олар «Новинский» аралдарының маңында (Забурыннан 40 шақырым қашықтықта) жүр екен. Адамдар дін аман. Кейін анықталғандай, теңізге қарай бағыт алған кезде «Нива» бұзылып қалған. Жігіттер JPS-навигатормен бет түзеп, жаяу іздеуді жалғастырыпты. Кейіннен навигатор да бұзылып қалады. Қопаларды біраз кезіп жүріп, ақырында адасып кеткен. Бақтарына қарай, оларды тікұшақпен көріп құтқарды.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті Атырау облыстық ТЖД ұсынды

19 наурыз 2015, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.