Атырау, 25 сәуір 04:23
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Күндізгі бөлімдегілер кейінге қалдырылады

2 216 просмотра

– Ұлым 20 жаста, колледжді бітірді, АМжГИ-ның кешкі бөлімінде оқиды. Күндізгі бөлім студенті секілді күн сайын сабаққа барады. Оны әскер қатарына алып кете ме, әлде оқуына байланысты кейінге қалдыра ма?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ермек ЖАЗБАЕВ жауап берді:

– «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 35-бабының 3-тармағына сәйкес, тиiстi білім беру ұйымдарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алып жүрген азаматтарға білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылады. Оқу нысаны туралы анықтаманы студенттерге оқу орны береді.

Дайындаған Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.