Атырау, 25 сәуір 13:09
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Демікпеңді бақылауға ал

6 872 просмотра

Ауруды жеңу үшін оны бақылауға алу қажет – Атырауда ашылған демікпе сырқаты барлардың алғашқы мектебінің ұстанымы осындай.  

Бронхиалды демікпе қазір бүкіл әлемде күрделі проблемаға айналды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша 300 млн. адам демікпеге шалдыққан. Атырау облысында 628 ересек және 138 науқас бала тіркелген. №2 емханаға алғашқы сабаққа 46 емделуші шақырылды.  Олардың ішіндегі көбісі бір-бірін әуелден біледі – демікпесі күшейген кездерде стационарда бірнеше рет бірге жатқан.  

Медицина қызметкерлері демікпені жымысқы ауру деп атайды. Себебі, тұншығу ұстамасы кез-келген сәтте тууы мүмкін. Аурудың пайда болуы мен дамуына әсер ететін қауіпті ықпалдар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.  Ішкі ықпал – ауырлық түсірген тұқым қуалаушылық, жынысы (балалық шақта демікпемен ер балалар жиі ауырады, бірақ жылдар өте келе ауытқушылық болды, ересектер арасында ауру әйелдер көп), сыртқы ықпал – адамның аллергияға бейімділігі. Ағзаның қалжырауы, жүйкесінің жұқаруы, тозаңдылық, газдылық ауруды тек қана ұлғайта түседі. Тәнзиля СҰЛТАНҒАЛИЕВА бронхиалды демікпемен 2007 жылдан бері сырқаттанып келеді. 

– Бұл кәсіби ауру деуге де болады. Мен медицина қызметкерімін. Менің залалсыздандырғыш құралдарға аллергиям бар.  Ұстама ауруым пайда болғанда, аэрозолдарды қолданамын. Ал жалпы алдын-алу шараларымен қорғанып, тыныс алу жаттығуларын жасаймын, - дейді ол. 

– Бронхиалды демікпе созылмалы ауру. Алайда, дұрыс ем қабылдаған адамның ұзақ уақытқа ауру бетінің қайтуына қол жеткізе алады. Ол уақытта препараттардың көмегінсіз  жүре алады.  Демікпені дұрыстап тұрып бақылауға алуға қол жеткізу оның күнделікті белгілерінен құтылып, белсенді өмір сүруге жол ашады,  – дейді №2 емхананың терапевт дәрігері  Гүлжамал БЕКМҰХАМБЕТОВА.

Демікпемен ауыратындардың алғашқы мектебінде дәрігерлер емделушілерді  аурудың анатомиясымен, патогенезімен таныстырып, пикфлоуметрді пайдалану ережелерін үйретіп, осы немесе өзге аурулар кезінде өзін қалай ұстау қажеттігіне кеңес береді. Демікпе ауруымен ауыратындарға арналған мектептерді қаланың барлық емханаларында ашу жоспарланып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қыркүйек 2011, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.