Атырау, 20 сәуір 06:53
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Палата «Дина» саудагерлеріне қол ұшын берді

3 524 просмотра

Көрнекі сурет.Көрнекі сурет.Атырау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасына «Дина» базарында саудамен айналысатын 19 бизнесмен шағымданды.

Ұжымдық шағымда олар бұрын ашық аспан астында сауда жасағандарын, алайда базар басшылығының осы жерден бутиктер салуды ұйғарғанын баяндаған. Кәсіпкерлердің әрқайсысынан миллион теңгеден алып, бұл соманы болашақ сауда орынжайын жалға беру кезінде ескеруге уәде берген. «Дина» әкімшілігімен жасалған келісімге сәйкес, ай сайынғы жалға алу төлемақысын саудагерлер 75/25 арақатынасымен өтеуі тиіс болды. Мәселен, егер бутик үшін төлемақы айына 60 мың теңге болса, 45 мың теңге бұрын төленген миллионнан шегеріледі, ал қалған 15 мың теңгені қолма қол ақшамен береді.

Алайда құрылыс аяқталғаннан кейін базар әкімшілігі біржақты тәртіппен 75 пайыз қолма-қол ақшамен төлеу керек деп жалға алу шартын өзгерткен.

Нәтижесінде кәсіпкерлер салған қаржыны қайтару мерзімі 10 жылға созылған. Кәсіпкерлердің өңірлік палатасы «Дина» дирекциясына шыққаннан кейін базар әкімшілігі бастапқы келісімдеріне оралуды ұйғарған.

Біз мәселеміздің оң шешілгеніне қуаныштымыз, - дейді кәсіпкер Бақытжамал ЖАРЫЛҒАСОВА. – Өйткені көпшілігіміз бутиктер салу үшін несиелер ресімдеген едік.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА  

13 наурыз 2015, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.