Атырау, 19 сәуір 15:08
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Анықтама сатып алыңыз

2 080 просмотра

- Жұмысқа орналасу кезінде міндетті түрде наркодиспансерден, психодиспансерден, тубдиспансерден анықтама сұратады. Барлық анықтама да ақылы, өзі жұмыста жоқ адамның оны сатып алуға қалтасы көтермейді. Наркодиспансерден анықтама алу кеше 500 теңге еді, бүгін 700 теңге болып тұр. Бұлар коммерциялық мекемелер емес қой, неге қызметтері ақылы?

Айбек Қалмағанбетов

Сұраққа облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН жауап берді:

- ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 қаулысына сәйкес, емдеу және алдын алу мекемелеріндегі тегін медициналық қызмет көрсету көлеміне профилактикалық тексерілу мақсатында анықтама беру қызметі жатпайды. Наркологиялық диспансер, психоневрологиялық диспансер және туберкулезге қарсы күрес диспансерлері  ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2299 «Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттарын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып,  ақылы қызметтердің прейскурантын бекітеді. Бұл прейскурант Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасымен келісіледі. Кассалық түбіртек міндетті түрде берілуі тиіс. Баға бойынша тағы басқа сұрақтарыңызды емдеу мекемесінің бас дәрігеріне немесе Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қоя аласыз. 

12 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.