Атырау, 25 сәуір 15:25
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Медициналық тексеруден өткен жөн

1 852 просмотра

- ЖШС штатында қызметтік көліктің бір жүргізушісі бар. Оның міндетіне қажет кезінде қызметкерлерді белгілі бір мекемелерге апару кіреді. Кейде құжаттарды адресатқа өзі жеткізеді. Оған ауысымалды (предсменный) медициналық тексеру қажет пе? ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №166 қаулысымен бекітілген Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларының 3.1-тармағына сәйкес, тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, қол жүктерінің, жүктердің, оның ішінде қауіпті жүктердің тасымалы бағдарларында жұмыс істейтін көлік құралдарының жүргізушілері рейс басталар алдында 30 минут бұрын және рейс аяқталғаннан кейінгі 30 минуттың ішінде тексеріп-қараудан өтуі тиіс. Бұл біздің жағдайға сәйкес келе ме, әлде автобус жүргізушілерін меңзеп тұр ма? Егер біздің жүргізушіге тексеру қажет болса, онда әлдебір медициналық мекемемен келісімшарт жасау керек пе?

Серік

Сұраққа адвокат Жақсылық БҮРКІТОВ жауап берді:

- Сіздің жағдайыңызда мұндай қажеттілік жоқ. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №166 қаулысымен бекітілген Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларына сәйкес, рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеріп-қарауды талап ететін кәсіптердің тізіміне тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, қол жүктерінің, жүктердің, оның ішінде қауіпті жүктердің тасымалы бағдарларында жұмыс істейтін көлік құралдарының жүргізушілері енгізілген.

“Автомобиль көлiгi туралы” ҚР-ның 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 Заңына сәйкес, жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушылар отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау – тұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулар.

Осылайша, бұл талаптар мекемелерге жалдамалы жұмыс жасайтын және мекеме қызметкерлерін немесе мекеменің жеңіл көліктерімен басқа мүлікті тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарының жүргізушілеріне қолданылмайды.

12 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.