Атырау, 20 сәуір 18:38
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Салықтық амнистия болады

3 457 просмотра

 

- Мен президент қол қойған 2014 жылдың 28 қараша күнгі ҚР заңы бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару туралы білгім келеді. 

Болат Ерниязов

Сұраққа облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН жауап берді:

-2014 жылдың 28 қарашасында ҚР президенті 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық амнистия енгізуді қарастыратын №257-V «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңына (әрі қарай – заң) қол қойды.

Аталған Заңның ережелеріне сәйкес, салықтық амнистия жүргізу құзыретті органмен бекітілген салық төлеушілердің жеке есепшоттарында 2014 жылғы 1 қаңтарда есепте тұрған және 2014 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын, сонымен қатар салық салу, зейнетақымен қамтамасыз ету және (немесе) ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексіне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру заңдылықтарын бұзғаны үшін 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін салынып, 2014 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша төленбеген айыппұлдардың сомасын есептен шығаруды қарастырады.

Салық және бюджетке өзге де міндетті төлемдер (негізгі қарыз) бойынша берешек сомалар есептен шығарылуға жатпайды.

Қазіргі кезде өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару тәртібін құзыретті орган құрастырды және ол ҚР-ның Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту сатысында тұр, салық төлеушілердің тізімі мен есептен шығарылуға жататын қарыз сомалары анықталуда.

Салықтық амнистия алдымен шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты, оны өткізу салық төлеушілерге босаған қаржыны бизнесті дамытуға және кеңейтуге жұмсауға мүмкіндік береді, соның есебінен ішкі инвестициялар әлеуетін күшейтеді.

Заңның негізгі ережелерін халық арасында түсіндіру және аталған Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету құзыретті мемлекеттік орган - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің мемлекеттік табыс департаментіне жүктелген. Мекенжайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 49 үй, телефон: 45-15-57.

12 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.