Атырау, 25 сәуір 05:00
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

23 компания сертификатталды

3 507 просмотра

10 наурызда Солтүстік-Каспий жобасының операторы NCOC халықаралық стандарт сертификатын оператор есебінен оқып, сертификаттаудан өткен жиырма үш жергілікті компанияға табыс етті.

Мұндай сертификатқа ие болған жергілікті компаниялар халықаралық компаниялардың тендерлеріне, соның ішінде Солтүстік Каспийдегі келешек жобаларға сенімді түрде қатыса алады. Атап айтқанда, Атырауда өткен жыл сайынғы «Казнефтегазсервис-2015» конференциясында NCOC басқарушы директорының орынбасары Жақып МАРАБАЕВ қазақстандық сервистік компанияларға Қашаған іске қосылғаннан кейін осы алып кенішті игеру жөніндегі келесі жобаларды атады: Компримирлеу орталығы 01 – тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру (ТӨИ) өнімділігін тәулігіне 370-тен 450 мың баррельге дейін көбейту үшін шикі газ айдау жобасы, Қаламқас-теңіз жобасы, «Қашаған» кенішін игерудің 2-кезеңі (немесе «Қашаған» кенішін толық ауқымда игерудің Бірінші кезеңі), Ақтоты, Қайран.

«АЖ» ақпараты бойынша, NCOC-дың 2015 жылғы бюджетінде жергілікті қамтуды дамытуға 2,9 млн доллар қарастырылған. Бұл сомаға, бәлкім, қазақстандық компанияларды оқыту мен сертификаттау шығындары кіретін шығар.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

12 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.