Атырау, 19 сәуір 19:00
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Көрші елге бару қиын емес

1 607 просмотра

– Жазда Ресейге бармақпыз. Қазақстандықтарға Ресейге жеке бас куәлігімен баруға бола ма? Тіркелусіз Ресей аумағында қанша уақыт болуға рұқсат етілген? Менімен кәмелетке толмаған бала барады, шығу үшін әкесінің келісімін ресімдеу міндетті ме?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Берік АМАНГЕЛДІ жауап берді:

– ҚР азаматтарының РФ аумағында және РФ азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімде Қазақстан мен Ресей азаматтарының жеңілдетілген тіркелу тәртібі, яғни, мемлекеттер аумағында жеке бас куәлігінің негізінде өкілетті органдарға тіркеусіз 30 тәулікке дейін болу қарастырылған. Ата-анасының бірімен Ресейге уақытша шығу үшін балаға екінші ата-анасының нотариалды расталған келісімі міндетті емес.

5 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.