Атырау, 28 наурыз 16:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Кітаптар тегін таратылды

2 133 просмотра

2 наурызда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында оқулық әдебиеттер тегін таратылған «Кiтап – алтын қазына» атты акция өтті.

– Ниет білдірушілер өздеріне қажетті кез келген оқу құралын ала алды, - дейді Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасының баспасөз хатшысы Жаннат ЖҰМАҒАЛИЕВА. - Әдебиеттердің басым бөлігі ғылымдарды мемлекеттік тілде игерушілерге арналған. Таңдау ауқымды болды: іс жүргізу жөніндегі құралдар, құқықтану, экология, химия, физика, банк ісі бойынша кітаптар, қазақша-орысша сөздіктер, дипломатиялық трактаттар, қалаған тақырып бойынша білім алуға көмектесетін құралдардың бәрі болды.  

Осы акция шеңберінде барлығы алты мың данадан астам кітаптар мен оқу құралдары таратылған.

Айта кетелік, мұндай акциялар жылына үш мәрте өткізіліп тұрады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

3 наурыз 2015, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.