Атырау, 29 наурыз 15:40
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматы қаржы полициясының бұрынғы басшысы ұсталды

2 425 просмотра

Фото: gazeta.kzФото: gazeta.kzАстана. 3 наурыз. ҚазТАГ – Алматы қаржы полициясының бұрынғы басшысы генерал Әмірхан Аманбаев ұсталды, деп хабарлады Астананың құқық қорғау органдарындағы дерек көз.

«2 наурызда сағат 20.00 шамасында Алматыда ҰҚТ басқарған деген күдікпен генерал-майор Әмірхан Аманбаев ұсталды»,- деді сұхбаттасушы агенттікке сейсенбіде.

Бұл ретте ол 55 жасар Ә.Аманбаевты ұстаған кезде оның денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақырылғанын айтты.

Дерек көз ақпарынша, Ә.Аманбаев қаржы полициясының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі болып қайта құрылғасын оның бас прокуратура департаментінің бастығы қызметіне тағайындалғанын айтты.

«Ағымдағы жылдың ақпан айында жалған кәсіпкерлікпен айналысқан, ҰҚТ құрған деген күдікпен оның бұрынғы қол астындағыларын, Алматы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің қызметкерлерін ұстағаннан кейін күдікті мәліметтер шыға бастады, ал Әмірхан Тапашұлының жақын адамдары бұрынғы бастықтарына қарсы ақпарлар берді. Сөйтіп Аманбаев бас прокуратурадағы жоғары лауазымынан өз еркімен кетуіне тура келді», - деп толықтырды сұхбаттасы.

Әр жылдары Ә.Аманбаев Қостанай және Қарағанды облыстарының прокуроры, әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы, әділет министрінің орынбасары болған. 2012 жылдың ақпанынан бастап Алматы қаласы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің бастығы болған. 2014 жылдың күзінде экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес агенттігінің қайта құрылуына байланысты бас прокуратураға жұмысқа ауысқан.

Еске салсақ, 2015 жылдың ақпанында Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Ол ұзақ уақыт бойы мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың, соның ішінде қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлерінің бүркемелеуімен жалған кәсіпорындар құру арқылы ақшалай қаражатты қолма қол ақшаға айналдырумен айналысып келген. ҰҚТ қатысушылары 20 жалған кәсіпорын құрған, 2012 жылдың қазанынан бастап 2014 жылдың желтоқсаны аралығындағы олардың айналымы Т60 млрд астам болған, ал олардың қызметінен бюджетке төленбеген салық түріндегі шығын Т4 млрд асқан. Сотқа дейінгі тексеру аясында ҰҚТ 8 қатысушысы Алматы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар: С.Ильин, В.Федотов, Б.Баудинов, Т.Каримов, А.Зубарев, Д.Абдиев, Р.Есенжанов және Н.Шаукеров. 

Дереккөз: ҚазТАГ

3 наурыз 2015, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.