Атырау, 18 сәуір 12:26
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қытайда өсетін өсімдік Эбола дертіне дауа болуы мүмкін

2 285 просмотра

Stephania tetrandra өсімдігінен алынатын қоспа адамзатты Эбола дертінен құтқаруы мүмкін. Тетрандрин қоспасы вирусты жасушада ұстап, оның ағзаға зиын тигізуіне жол бермейді, деп жазды  vesti.ru.

Тәжірибе көрсеткендей, тетрандринді жануарларға сынап көргенде вирус жұқтырған қанның ақ жасушаларын тоқтатып, инфекцияның дамуына жол бермеген. Әзірге қоспаны кемірушілерге ғана сынап көрген. Енді, адамдарды емдеуге қолданар алдында, маймылдарға сынақ жүргізілмек.

Техас Биомедициналық зерттеу институтының вирусологы Роберт Дэйвидің сөзіне қарағанда, бұл зерттеу жұмысы вирустың жаңа әлсіз тұсын анықтауға көмектесті. Алайда оның бағалауынша дайын дәріні нарыққа шығару үшін 2-5 жылдай уақыт керек, деп хабарлады Meddaily.

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 наурыз 2015, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.