Атырау, 18 сәуір 07:21
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

МАК Алматы түбіндегі әуе апаты туралы түпкілікті есепті жария етті

1 668 просмотра

Алматы түбінде CRJ-200 апатқа ұшыраған жер. Фото gazeta.kz сайтынанАлматы түбінде CRJ-200 апатқа ұшыраған жер. Фото gazeta.kz сайтынанМемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) комиссиясы Алматы түбіндегі CRJ-200 UP-CJ006 апатын тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті есепті ұсынды, Tengrinews.kz редакциясы құжатқа қол жеткізді. 

МАК сарапшыларының қорытындысына қарағанда, әуе көлігі тұман жағдайында "экипажға берілген екінші айналымға кету жөніндегі шешімді іске асыру" барысында апатқа ұшыраған. "Биіктік рулінің тік шүйілуде ауытқуы салдарынан ұшақ жіті төмендеуге ауыстырылды да, жерге соқтықты", - делінген құжатта.  

"Ұшақтың тік шүйілуге ауысу себебін, қолда бар мәліметтер бойынша, анықтау мүмкін болмады. Комиссия апатты жағдайдағы ұшу кезінде авиация техникасының істен шығу белгілерін таппады, сондай-ақ екінші айналымға кетуді орындау кезінде ұшаққа сыртқы әсерлердің болғаны (мұз қату, желдің итеруі, ұйысқан ауа ағынына тап болу) да анықталмады", - делінген сарапшылардың қорытындысында. 

МАК әуе апатына себеп болуы мүмкін ықтимал факторларды атады:

- басқарушы ұшқыштың (әуе көлігі командирі) еңбекке қабілеттілігін ішінара жоғалтуы, ол ұшақ жерге соғылған сәтке дейін жұмыс позасында болмаған;

- экипажда CRM (клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқару жүйесі) деңгейінің жеткіліксіздігі мен Fly-Navigate-Communicate қағидасының бұзылуы, бұл екінші пилоттың назары сыртқы радиобайланыс жүргізуден басқа нәрсеге аударылғанынан және приборлар бойынша ұшу параметрлерінің бақыланбағанынан байқалды;

- EGPWS ескертпесіне реакция мен талап етілетін әрекеттің болмауы;

- бұрыштық қозғалу құбылысын қабылдаудың соматикалық-гравитациялық иллюзияларының әсер етуі;

- ұшақ қонатын кезде метеожағдайлар жақсарады деген сенімдері ақталмаған кезде экипаж мүшелерінің психоэмоциялық күйінің шамадан тыс ширығуы;

- ұшу құрамының медициналық куәландыру талаптарын орындамауы, бұл әуе көлігі командирінің ұшуды сауықтыру кезеңінсіз және жасалған операциядан кейін дәрігерлік-ұшу сарапшылық комиссиясының денсаулық жөніндегі бағалауынсыз іске асыруына соқтырған. 

Еске салайық, Алматы түбіндегі әуе апаты 2013 жылдың 29 қаңтары күні Алматы әуежайына жақын маңдағы Қызылту елді мекені аумағында болды. Ұшақ апатынан экипаждың бес мүшесі мен 16 жолаушы қаза тапты.

Дереккөз: tengrinews.kz

3 наурыз 2015, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.