Атырау, 29 наурыз 10:35
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Түркістанда орталық базар отқа оранды

1 796 просмотра

Түркістанда  «Қуаныш» орталық базарында шыққан өртті ауыздықтауға төрт сағат кетті.

Бүгін таңғы 4-те базарда өрт шықты. Оқиға орнына бірден 4 өрт сөндіру техникасы келді. Аз күшпен шарпыған өртті ауыздықтау мүмкін еместігін түсінген олар қосымша күш шақыртты.

 «Өрт сөндіруге 16   өрт техникасы, жеке құрамнан 134 адам мен екі  су таситын көлік тартылды», - деп хабарлады ОҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Жалын 600 шаршы жерді шарпып үлгерген. Дүңгіршектер түк қалмай жанып кетті. Нарықта жұмыс істейтін кәсіпкердің денесін күйік шалып, аудандық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орны қоршауға алынды. Тонауға жол бермес үшін орынды  200-ге жуық полиция қызметкері күзетуде.  Тілсіз жау сағат 09.37 минутта толықтай ауыздықталды. Өрт себептері анықталуда.

Түркістан ауданының әкімі зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдан келгенше көмек көрсетілетінін айтты. Қазір екінші деңгейлі банктермен несие төлеу мерзімін ұзарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

2 наурыз 2015, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.