Атырау, 29 наурыз 17:18
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

А.Меркель Қазақстан құрамасында ойнайтын болды

1 089 просмотра

Швейцариялық «Грассхопперс» клубының жартылай қорғаушысы Александр Меркель футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайтын болды.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті Аллен Шайжүнісов хабарлады.

Оның айтуынша, Александр бөтен емес, ол Алматыда туып-өскен.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножанның мәлім еткеніндей, Меркель орталық жартылай қорғаушы міндетін атқарады. Құраманың осы орта тұсында осалдық бар еді, соны Александр жаба алады деген үміт бар.

Александр Меркель өз Отаны үшін ойнау мақтаныш екенін айтып, сондай мүмкіндік бергені үшін Қазақстан футбол федерациясына алғысын білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 28 наурыз күні 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойынында исландиялықтармен кездеседі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

2 наурыз 2015, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.