Атырау, 28 наурыз 14:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Мұнай саласында жариялылық керек

5 852 просмотра

Атырау мұнай өңдеу зауыты. Фото Атырау мұнай өңдеу зауыты. Фото "АЖ" мұрағатынан алынды.Биыл Қазақстанның Өнеркәсіптің өндіруші салаларының ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) жүзеге асыруға қосылғанына 10 жыл толады. Осы мерзімде үлкен жетістіктерге жетпегенімізбен, екі мұнай өндіруші өңір – Атырау және Батыс Қазақстан облыстары тұрғындарына сауалнама жүргізу нәтижесі халықтың өндіруші компаниялардың әлеуметтік жобалар бойынша шешім қабылдау үдерісі туралы көп білгісі келетінін және оларға қатысуды қалайтындықтарын көрсетті.

 

МҰНАЙШЫЛАР КЕЛГЕН ЖОҚ

ӨСАБ-қа арналған қоғамдық тыңдау 24 ақпанда Атырауда өтті. Кездесуге ҮЕҰ, әкімдіктер және өндіруші компаниялар өкілдері шақыртылды. Алайда фирма өкілдері белгісіз себептермен шақыртуға келмеді.

«Қазақстанның жаңа ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігі «Батыс Қазақстан облысының «Заман» өндірушілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып, екі мұнайлы облыстың халқы, мемлекеттік органдар, өндіруші компаниялар және ҮЕҰ қызметкерлері арасында сауалнама жүргізді.

- Жыл сайын фирмалар тікелей немесе бюджетке ақша аудару арқылы мектеп, ауруханалар, спорт алаңдары және т.б. сияқты түрлі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады. Бізге бұл механизм таныс, - дейді ҚЖҰ жетекшісі Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ.

 

ЕШ ӘСЕРІ ЖОҚ

Жүргізілген зерттеулер екі облыстың барлық аудандары мен облыс орталықтарын қамтыды. Сауалнама өңіріміздің негізгі проблемаларын анықтады: бұл сумен қамту, жолдардың сапасы, экология мен жұмыссыздық. Әрине, қала халқы мен ауыл тұрғындарының пікірлері кейде өзгеше болады, мұны ауылға қарағанда қаладағы сапалы коммуналдық қызметтермен түсіндіруге болатын шығар. Қалалықтар үшін денсаулық сақтау, білім беру, экология және жастардың демалысы мәселелері маңызды болса, ауылдықтар үшін алғашқы кезекте сумен және жылумен қамту, жұмыссыздық және жолдар өзекті болып тұр. Ерекше назар аударатын бір жайт, сұралғандардың төрттен бірі облыс экологиясы әбден бұзылған деп есептейді, ал бұл көрсеткіш өндіруші компаниялардың қызметтерімен тікелей байланысты ғой.

Сауалнамаға жауап бергендердің әр үшіншісі әкімдіктер қызметіне баға беруді қиынсынды, ал бұл олардың жабықтық дәрежесіне куә бола алады. Жалпы алғанда, облыстық әкімдіктің соңғы үш жылдағы жұмысына халық оң бағасын беріп отыр, алайда әр алтыншы тұрғын «қанағаттанарлықсыз» бағасын қойған, ал ауылдық әкімдіктердің қызметіне тұрғындар жағымсыз баға береді екен. Әсіресе Мақат, Қызылқоға және Жылыой ауданы тұрғындары өз басшыларына риза емес.

Облыс тұрғындары өндіруші компаниялардың әлеуметтік жобалары өмірлеріне ешқандай әсер етіп жатқан жоқ деп есептейді. Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші – ТШО жұмыс жасайтын Жылыой ауданы тұрғындары таңдаған нұсқа назар аударарлық. Олардың пікірінше, кәсіпорын оң да, теріс те әсер етіп жатқан жоқ. Ең бастысы, тұрғындар осы жобаларды жоспарлау кезеңінде өзара әріптестіктің мүлдем жоқтығы туралы көп айтады. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары туралы да халықтың пікірі осындай.

- 2013 жылғы қазанда Қазақстан ӨСАБ-тың мүше елі мәртебесіне ие болды. Бұл мәртебені Қазақстан үшін 2016 жылға белгіленген валидация үдерісінде кезеңдермен растап отыру керек. Елдерге қойылатын талаптар қатая түседі, жергілікті атқарушы органдар ҮЕҰ өкілдері және халықпен жыл сайын есептік кездесулер өткізуі міндеттеледі, - деп атап өтті Ұлықбек Тінәлиев.

 

БІЗДІ КІМ УЛАП ЖАТҚАНЫН БІЛМЕЙМІЗ

«Демос» ҚБ төрағасы Тоғжан ҚИЗАТОВА өндіріліп жатқан мұнайды өндіруден өңдеуге дейін бақылау және есепке алу мәселесін көтерді.

- Өндіруші компаниялар елімізде «киелі сиыр» сияқты, олардың қызметіне араласу мүмкін емес, ал мұнайдың заңсыз айналымы, мұнай қалдықтар мен оларды кері кәдеге жарату нәтижесінде атмосфераға есепке алынбаған зиянды заттар көлемі шығарылып жатыр. Мұндай лақтырындылар көздері мен оған кінәлілер, әрине, анықталмайды, жауапкершілікке тартылмайды. Осыған байланысты, «Азаматтық Құрылтай» республикалық ҮЕҰ қауымдастығы мен Атырау облысы қоғамдық бірлестіктері президентке хат жазды. Өтініште олар өңірдегі мұнай және мұнай өнімдері айналымына бақылау жасау қызметтерін жергілікті атқарушы органдар пайдасына қарай кері қарауды сұрайды. Нысандар мен зиянды заттар лақтырындылары көздерін анықтап, оларға үнемі мониторинг жасау керек. Атырау қаласынан 30 шақырым радиуста экологиялық аймақ белгілеп, 24 сағаттың ішінде түсіріліп/тиелмейтін қозғалмалы темір жол көлігі құрамдарын тұрғызбау керек. Техникалық күкірттерді сақтау және тасымалдау барысында оның ауаға таралуына жол беретін тәсілдермен сақтау және тасымалдауға тыйым салып, облыс аумағына мұнай қалдықтарын айыру және кері кәдеге жарату технологияларын қолдануға жол бермей, мұнайды тазалау және қалпына келтірудің жаңа қалдықсыз технологиялары мен тәсілдерін қолдануды міндеттеу қажет.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 наурыз 2015, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.