Атырау, 29 наурыз 19:52
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тәжікстанда парламент депутаттарын сайлау өтті деп танылды

1 149 просмотра

Жексенбі күні Тәжікстанда парламент және жергілікті заң шығарушы органдар депутаттарын сайлау өтті деп танылды. Бұл туралы республиканың сайлау және референдум жөніндегі Орталық комиссиясының төрағасы Шермухамад Шохиен мәлім етті, деп жазады BNews.kz АА-ның Душанбедегі меншікті тілшісі.

«Тоғыз сағатқа созылған дауыс беру кезінде тіркелген 4 млн 318 мың сайлаушының жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-ге қарай (Астана уақытымен сағат 16:00) 3 млн 210 мыңы дауыс берді, бұл 74,33%-ды құрайды», -деді Шохиён.

Тәжікстан аумағында дауыс беруге арналған 3,2 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды. Әлемнің 27 елінде 35 сайлау учаскесі құрылды, соның ішінде екеуі Қазақстанда – Астана мен Алматыда. Тәжікстан СІМ мәліметінше, бұл қалаларда Астана уақыты бойынша сағат 13:00-ге қарай сайлау өтті деп танылған.

Парламенттің төменгі палатасына 63 депутат сайлануда: бір мандатты сайлау округтерінен – 41, сайлау партияларының тізімі бойынша – 22.

Барлығы 280-нен астам кандидат (партиялар тізімі бойынша 103 және 182 адам бір мандатты округтер бойынша) депутаттық мандат үшін «таласуда», соның ішінде 80-ге жуық адам өз-өзін ұсынған. Үміткерлер арасында 30 әйел де бар.

Дереккөз: bnews.kz

2 наурыз 2015, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.