Атырау, 24 сәуір 03:20
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Сені іздеймін, Таисия...» (толықтырылды)

2 756 просмотра

«Ақ Жайық» почтасына кезінде сырттай ғашық болған танысын 40 жылдан бері іздеп жүрген көрші Ақтау қаласының тұрғынынан хат пен бірнеше фотосуреттер келді.

- 1967 жылы мен Гурьев политехникумына түстім, - дейді Виктор Николаевич КАЛЬЯН. Оқып жүрген кезімде Пионерге 40 жыл көшесінің бойындағы «Дружба» дүкенінің атында жалдамалы пәтерде тұрдым. Оқуымның аяқталуына бір жыл қалғанда үй иесі пәтерге тағы екі қызды - Таисия мен Надежданы - жатқызды. Кейін анықталғандай, ұмытпасам, екеуі Ақтөбеден келген. Сол жақтан олар педагогикалық техникумды бітіріп, Гурьевке балабақша тәрбиешілері ретінде жолдамамен жіберген. Он сегізінші балабақша болса керек.

Өзара хат жазысу барысында Виктор Николаевич маған Таисияны бірден ұнатқанын, алайда өзіне деген сенімсіздік пен ұяңдығы басып, Тасяға өз сезімін жеткізе алмағанын айтты.

Екі қыз бен жігіт бірден достасып кетіп, Виктор екеуін қарындасым деп атап, бауырмалдық қарым-қатынаста болған.

- 1971 жығы қаңтарда біз Жайық жағасында серуендеп жүріп, суретке түстік, мін осы суреттерді мен әлі күнге дейін сақтап жүрмін.

...Виктор дипломын қорғап, үйіне, Шевченкоға кетіп қалады. Ал үйге келген бойда әскерге шақыртылып, бірден отан алдындағы борышын өтеуге аттанады.

- Мен Таисияның мекенжайын сұрап алмай, өмірімдегі ең үлкен ақымақтықты жасадым... Бұл ой басымда болған, алайда сұрауға батылым бармады, бетімнен қайтарып тастай ма деп қорықтым. Мен оған туған ағасындай болып кеттім ғой. Арада қаншама жылдар өтсе де, мен бұған әлі өкінемін. Менде Таисияның өзі сыйлаған фотосуретінен басқа ештеңе жоқ. Алайда оның әдемі, ақжарқын, байсалды жүзін әлі ұмыта алмаймын, қанша тырыссам да.

Мүмкін ол әлі сол Атырауда тұратын шығар? Иә, ол қазір 60-тан кетті, алайда менің жүрегімде ол сол әдемі де жас күйінде қалды. Егер қазір оның өмірінде бәрі жақсы болса, мен шын көңілімнен қуанамын, егер жалғыз болса, мен жастық шағымдағы қателігімді түзеуге тырысар едім. Егер ол қиыншылық көріп жүрсе, сонау жастық шағымдағыдай көмектесуге даярмын.

Өкінішке орай, әлеуметтік желілерде іздеу және еріктілердің көмегі ешқандай нәтиже әкелмеді. Мүмкін, Таисия біздің өңірімізден баяғыда кетіп қалған шығар, алайда Виктор оны көруге деген өз үмітін үзбейді...

Виктор Николаевичтің оқиғасын оқыған көптеген оқырмандарымыз өз беттерімен іздеуге кірісті. Почтаға жас күнінде ұқсас болған әйелдердің суреттері салынған хаттар келді.

Ал белгілі атыраулық іздеуші Талған ІЛИЯСОВ «Гардемариндер, алға!» көркем фильміндегі «Как жизнь без весны» әніне жан тебірентер клип жасап шығарды. Бұл бейне баян санаулы күнде YouTube-та көп көрермен жинады.

Ресей мен Қазақстанның түрлі қалаларынан Виктор мен «Ақ Жайық» редакциясына жақсы тілектер мен Таисияны қалай табуға болады деген кеңестер айтылған хаттар ағылуда...

Ал, жақында Таисияның қызы – Надежда бізбен байланысқа шықты. Ол бұл фотосуреттердің өмір бойы отбасы альбомында сақталып келгенін айтты, сондай-ақ, анасы 2004 жылы жүрек ауруынан көз жұмғанын хабарлады.

Іздеу жұмыстарына көмектескен ізгі ниетті адамдарға алғыс айтамыз.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суреттер Виктор Кальянның мұрағатынан

28 ақпан 2015, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.