Атырау, 29 наурыз 01:49
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда терроризмге күдіктілерді қамауға алу жалғасуда

2 794 просмотра

Оның бірі ұстау кезінде қалай қаза болды?

Облыстық прокуратура хабарлағандай, 2 қыркүйекте Атырау облысында радикалды діни топтарға қатысы бар деген күдікпен ұсталған адамдар саны 25 адамға дейін көбейген.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, сот осы 25 адамды 14-ін қамауға алуға санкция берген. Қалғандарына қатысты тыйым салу шараларын белгілеу мәселесі қаралуда. Бірқатар қылмыстық істер қозғалған, соның ішінде «Терроризм» бабы бойынша да істер бар.

29 тамызда Атырау ықшам ауданында күдіктіні ұстау кезінде құқыққорғау органдарының қару қолданғаны, террорлық актіні дайындауға қатысы бар деген күдіктінің өз үйінің ауласында қаза болғаны белгілі. 31 тамыз күні ұлдарын мұсылмандар зиратына жерлеген оның ата-анасы болған оқиға жөніндегі өз жорамалдарын білдіріп, редакцияға хабарласқан болатын.

Олардың айтуларынша, заңгерлік білімі бар, жеке бизнеспен айналысқан 28 жастағы С. (аты-жөні белгілі себеп бойынша көрсетілмейді – Л.Г.) ислам дінін жеті жыл бұрын қабылдаған екен. Кейінірек  ұлты қазақ әйелі де сол жолды таңдаған. Ата-аналары (айтпақшы, екеуі де тәжірибелі педагог, әкесі – кәріс ұлтынан, анасы - орыс) қарсы болғанымен, ұлдарын діни көзқарасынан тайдыра алмаған. Қайғылы оқиға болатын күні  келіндері кішкентай екі баласын оларға әкеліп тастап, өзі үйіне кері қарай жаяу кеткен. Алайда біраз уақыттан соң  ата-аналарына полицияның өтінішімен ұлының үйіне барып, онымен келіссөз жүргізуге тура келген. Әрине, ұялы телефон арқылы әлденеше рет сөйлескен соң, берілуге шешім қабылдаған ұлдары қарусыз үйінен шыққан кезде жасақтардың неліктен екені белгісіз, оны атып өлтірді деп есептейтін ата-ананың эмоциясын түсінуге болады.

«АЖ» редакциясы құқыққорғау органдарының баспасөз қызметінен арнайы операцияға қатысушылардың бірі қысқа болса да (мейлі жасырын түрде болсын): «иә, өз көзіммен көрдім», үйден шыққан күдікті шынымен де айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргендіктен қару қолданғаннан басқа амал болмады, деген ресми ақпаратты растауын өтінген болатын. Бұл алып-қашпа әңгімелерге қақпақ болар еді, алайда баспасөз қызметі тергеу ісінің құпия екендігін көлденең тартып отыр.

Сондықтан әзірге тек (ата-анасының әңгімесінен) белгілі болғандай, сырт көзге бітеу дуал мен қақпадан көрінбей тұрған ұлдары үй аузына шыға бергенде штаттық киімдегі операцияға басшылық жасаушылардың бірі (шамасы, ол бақылаушылардан хабар алса керек) оның ата-анасы мен басқаларына «көліктеріңді әрірек қойыңдар, өздерің алысырақ кетіңдер, әйтпесе қазір бүкіл квартал жарылады!» деп айқай сала бастаған. Ал басшылықтың бірі мергенге: «Жойыңдар!» деп бұйрық бермес бұрын, бүкіл көліктер әрірек қойылып, ал, ұлдарын құтқаратын соңғы үміттерін жоғалтқан ата-анасы қайтадан үйге кіргілері келіп, атпаңдар деп айқайлағанша жеткілікті уақыт өткен.

Бәлкім, тергеу ісі мен сот барысында көп нәрсе айқындалар, бірақ осындай жағдайларда әрекет етуге арналған (бірнеше онжылдықтар бойына милиция-полициялар пайдаланған) құпия нұсқаунаманың мазмұнын біле қоюмыз неғайбыл болар...

Лев ГУЗИКОВ

8 қыркүйек 2011, 00:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.