Атырау, 25 сәуір 15:30
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Монша мен сүзгі стансасын салып бітірмек

2 679 просмотра

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Елтай ҒАЛЫМЖАНОВ «АЖ»-ға «СнабОйлСтрой» компаниясының 2012 жылы Нұрсаяда құрылысын аяқтамай тастап кеткен құны 840,5 млн теңге болатын 100 орындық монша-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасып, қазан айында пайдалануға берілетінін хабарлады.

2012 жылы «СнабОйлСТрой» компаниясы құрылысты өз еркімен  тоқтатып, нысанды тастап кетті. Қазір жаңа мердігер –анықталды, бұл - «Эксан-Атырау» ЖШС, - деп хабарлады Ғалымжанов.

Басқа сақалды құрылысқа – Береке (Память Ильича) поселкесіндегі №5 сүзгі стансасына (қаладағы су тазарту құрылғыларында 4 сүзгі стансасы бар – М.С.келер болсақ, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ақылбек БАЙШАХАНОВ былай деп хабарлады:

Облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді, тендер жарияланды. Нысан құрылысы мердігер анықталғаннан кейін жалғаспақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 ақпан 2015, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.