Атырау, 29 наурыз 13:44
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жаңа судьялар тағайындалды

2 969 просмотра

ҚР Президентінің 2015 жылғы 18 ақпандағы Жарлығымен Атырау облысының жаңа судьялары тағайындалды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Оларды жақында тағайындалған облыстық соттың төрағасы Марғұлан БЕКТҰРҒАНОВ таныстырды.

Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болып Гүлмира ДӘУЛЕТОВА (Дәулетова бұл лауазымда 2010 жылдан бері қызмет етеді, енді жаңа мерзімге қайта сайланды – Ред.) тағайындалды. Гүлмира Дәулетова, естеріңізге салсақ, «Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ» ісі бойынша процессті өзі жүргізген болатын.

Атырау қалалық сотына жаңа судьялар: Марал САРИМОВА мен Ғалия СЕЙТЖАНОВА тағайындалды. Исатай аудандық сотының судьясы болып Жазира МҰХАМЕТОВА, Қызылқоға ауданының судьясы болып – Айнұр СЫРҒАБАЕВА, №2 Атырау қалалық сотының судьясы болып – Гаухар ИБРАШЕВА тағайындалды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

27 ақпан 2015, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.