Атырау, 20 сәуір 04:44
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Қ. Келімбетов: Экономиканы долларсызандырудың үш бағыты бар». «Мұның қалай, министр?». «Кәрімовсіз Өзбекстан...». «Сирия мен Иракта соғысып жүрген ресейліктер кімдер?». «Ресейден шетелдік қызметкерлер кетіп жатыр».

2 160 просмотра

AZATTYQ. ORG    «Сирия мен Иракта соғысып жүрген ресейліктер кімдер?» - «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымынан қауіптенген Ресей АҚШ-пен барлау мәліметтерін алмасуға дайын екенін айтты.  

«Ресейден шетелдік қызметкерлер кетіп жатыр» - Ресейде шетелден келіп жұмыс істеп жатқан түрлі сала қызметкерлері елдеріне қайтып жатыр. Бұл Мәскеудің Батыстан оқшаулану саясатының бір айғағы болса керек.

QAZAQUNI.KZ   «Президентті баурау: Н. Назарбаевтың алғашқы махаббатының тарихы» - Кейде өткенді еске алу арқылы адам күйкі тірліктен бір сәтке арылып, ұмытылмас тәтті сезімнен күш-қайрат алғандай болады.

ZHEBE.COM   «Қ. Келімбетов: Экономиканы долларсызандырудың үш бағыты бар» - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар сауалына жауап берген Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов экономиканы долларсыздандырудың негізгі үш бағытын атады.

QAMSHY.KZ    «Кореяға ұшақ сыйлаған Басбай кім еді?» - Қытай жұртында «Басбай» атын естімеген қазақ жоқ. Шыңжаң өлесінде «Басбайдың» жомарттығы туралы айтылатын аңызға бергісіз әңгімелер шаш-етектен.

«Мұның қалай, министр?» - Мөңке бидің: «...Халыққа бір тиын пайдасы жоқ, ай сайын бас қосқан жиын болады...» дегенінің қандайлық шындық болғанын қарапайым халық та аңдағандай: дағдарыс биліктің дығдырын құртқалы «Күлтөбенің басында күнде жиын»-ның кебін кеп киді ме – киді. Бұған дейін де сол берекесіз жиын, бәтуәсіз бастамалар борады-ау келіп-келіп. «Кім не айтты?» дегеннен гөрі, «кім не айтпады?» деп қайыра сұрақ қойсаң – сірә, жөн!..

JAQSY.KZ  «Кәрімовсіз Өзбекстан...» - 29-наурызда Өзбекстанда Президент сайлауы өтеді. Дәл қазір қызу дайындық жүріп жатыр.

«Рахат Әлиевтің өлімі» - Бүгін Аустрия астанасы Венада, түрменің жалғызкісілік камерасында Рахат Әлиев-Шораз киімілгішке асылып қалып, жан тапсырды. Ешкімді күндемейміз. Ешкімді айыптамаймыз.

«Балам дейтін жұрт болмаса...» - Отандас, бауырлас халықты түртпектеу еш сөкеттігі жоқ қалыпты іске айналды.

ALASHAINASY.KZ     «Ислам дінінде әйел адамдарға орамал тағу, ұзын киім кию парыз ба?» -Орамал тағып, ұзын киім кию үрдісі – тосырқап, таңдана кейде түсінбей, тіпті жатырқай да жақтырмай да қарайтын тосын құбылыс емес.

27 ақпан 2015, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.